Назгүл Қадырбекқызы Ердібаева — физика-математика ғылымының докторы (2010).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1972 жылы 6 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылында туған.
Көкшетау педагогикалық институтын (1996, қазіргі Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті), Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің аспирантурасын (2002) бітірген. 1998-2002 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы-машықтанушы, аға оқытушы, 2002-09 жылдары Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. 2009 жылдан кафедра доценті.
Ғылыми еңбектері "Ионды-плазмалық жəне плазмалық өңдеудің балқымалардың жəне жабындардың микро жəне нанокристалдық қабаттарына əсері" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 4 монографияның авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары