Сақыпжамал Тілеубайқызы (1903 (1908) – 1937) — мемлекеттік қайраткер, жазушы және журналист.Қазақ қоғамында әйел үшін күрескендер

Оның қоғамдық қызметі мен шығармашылық қызметі әйелдердің құқықтары мен бостандығын қорғауға бағытталды.

Өмірбаяны Сақыпжамал «Айқап» журналына озбырлықты, зорлық-зомбылықты айыптайтын материалдар жариялаған. Еркіндік, әйел бостандығы, өнер-білім мәселелерін көтерген. Оның «Қазақ қыздарының аталарына», «Мұңдастарыма бір-екі сөз», «Ұзақ күткен үмітім һәм бас адамдарға бір-екі сөз» секілді мақалалары жарияланды.Сақыпжамал Тілеубайқызы

1911 жылы жарық көрген «Қазақ қыздарының аталарына» деген мақаласында гендерлік теңдікті аңсап жазады:

Осы арқылы журналист қыз қазақ қыздарының қалыңмалға сатылғанына іші күйіп, сүймеген адамына еріксіз ұзатуды сынға алады, қыз-келіншектердің қалған өмірі қорлықта өтетінін өкінішпен айтты. Одан бөлек «Қазақ қыздарына», «Қыз батасы» сынды өлеңдері жарияланды.С. ТИЛЕУБАЕВА

Дереккөздер

Санат:XX ғасырда туғандар Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері