Шукруллабай Мискинов — 1847 жылы Ресей империясына келіп, император I Николайдың жеке қабылдауында болған Хиуа хандығының елшісі. Кейінірек ол Стамбулда Хиуа хандығының Осман империясындағы елшісі қызметін атқарды.

Елшілік миссиясы ​1846 жылғы желтоқсанда Орынборға Хорезм ханы Мұхаммед Әмин ханның елшілері — Қылыш Ниязмухаммедов пен Шукруллабай Мискинов келді. 1847 жылғы 9 наурызда олар Санкт-Петербургке жетті. Елшілер Ресейдің Сырдария сағасына таяу салған Райым бекінісін бұзу мәселесін көтерді, бірақ I Николай бұл өтініштен бас тартты. 1847–1848 жылдары Хиуа жасақтары мен патша әскерлері арасында ұсақ қақтығыстар орын алды. Сәттілікке жете алмаған Мұхаммед Әмин хан мәселені шешудің бейбіт жолына қайта көшті.Гуломов Х.Г., Дипломатические отношения государств Средней Азии с Россией в XVIII — первой половине XIX века. Ташкент, 2005 Айта кететін жайт, жергілікті тұрғындар өз мемлекетін әрқашан «Хорезм» деп атаған, ал XVII ғасырдан бастап орыс тарихшылары астанасы Хиуа қаласының құрметіне оны Хиуа хандығы деп атай бастады.​

Әдебиет Гуломов Х.Г., Дипломатические отношения государств Средней Азии с Россией в XVIII — первой половине XIX века. Ташкент, 2005

Дереккөздер

Санат:Хиуа хандығының елшілері Санат:Орыс мемлекетіндегі елшілер Санат:Хиуа тұлғалары