Филарет (, туғанында Михаил Антонович Денисенко, ; 23 қаңтар 1929 жыл, Амвросиевка ауданы, Донецк облысы – 20 наурыз 2026 жыл, Киев) — кеңестік және украиналық діни қайраткер, Украина батыры (2019).
1995 жылғы 20 қазаннан 2018 жылғы 15 желтоқсанға және 2019 жылғы 14 мамырдан , IV. Патріарх, пункт 1: «Предстоятелем Української Православної Церкви Київського Патріархату є Патріарх, який носить титул: "Святійший Патріарх Київський і всієї Руси-України".» 2026 жылғы 20 наурыздағы өліміне дейін ол — Киев патриархаты Украин православие шіркеуінің басшысы, «Киев және бүкіл Русь-Украина патриархы».
Филарет бұрын Орыс православие шіркеуінің архиерейі еді, 1966 жылдан 1990 жылға дейін Киев және Галиция митрополиті, әрі патриархтың бүкіл Украина экзархы, кейін Орыс православие шіркеуіндегі Украин православие шіркеуінің басшысы. 1990 жылғы мамырдан маусымға дейін ол — Мәскеу патриархы міндетін атқарушысы. Сол жылы орыс патриархтығына үміткер болды. 1991 жылдан бастап Филарет Украинадағы тәуелсіз православие шіркеуінің болғанын қалады. 1992 жылы Орыс шіркеуінен кетіп, Киев патриархатының Украин православие шіркеуін құрды. Патриархатты иелікті шіркеудің ешбірі де мойындамады.
1992 жылы дін қызметінен қуылды, 1997 жылы Орыс православие шіркеуі оны анафемалады. 2018 жылғы 11 қазанда Константинополь православие шіркеуінің синоды Филарет берген «апелляцияны қарастырып», оны кафедрасыз епископ ретінде («бұрынғы Киев және Галиция митрополиті») шіркеулік қарым-қатынасқа қайта қосты. Бұл шешімді Орыс православие шіркеуі де, Филареттің өзі де мойындамады.
Өмірбаяны Михаил Денисенко 1929 жылғы 23 қаңтарда қазіргі Донецк облысындағы Благодатное ауылында туған. Бастапқыда Одесса діни семинариясында, кейін Мәскеу діни академиясында білім алып, дін ілімі кандидаты атанды.
Анасы — Мелания Денисенко. Әкесі Антон Денисенко 1943 жылы Екінші дүниежүзілік соғыстың Шығыс майданында қайтыс болды. Бұл оқиға Филаретті христиандыққа әкелді.
21 жасында ол монах атанып, Филарет () есімін алды. 1953 жылдан ол Мәскеу діни академиясында білім берді. 1962 жылы епископ атанды. 1966 жылғы 14 мамырда ол Украина экзархы, әрі Киев пен Галиция митрополиті болып тағайындалды.
КСРО ыдыраған салысымен Филарет Украинадағы православие шіркеуінің Мәскеу патриархатынан тәуелсіздігін қалады. Ол осылайша Киев патриархатының Украин православие шіркеуін (УПШ–КП) құрғандар қатарында болады.
2018 жылғы 15 желтоқсанда үш шіркеу бас қосқан Бірлестіруші соборда біріккен Украина православие шіркеуі (УПШ) құрылды. УПШ құрамына, соның ішінде де, УПШ–КП болды. Келер жылғы 6 қаңтарда УПШ-ға автокефалия томосы берілді.
Патриарх Филарет бастапқыда УПШ құрылғанын және Епифанийдің оның басшысы болғанын қолдаған еді. Томосты сынаған Филарет көп ұзамай УПШ-дан кетіп, УПШ–КП-ны қайта құрады. УПШ оның патриархтығын танымай, зейнеттегі иерарх деп көрді.
Филарет 2026 жылғы 20 наурызда қайтыс болды. Оның ізбасары патриарх Никодим (Кобзарь) атанды.
Марапаттары және атақтары Филарет — Мәскеу және Ленинград діни академияларының құрметті мүшесі, әрі бірнеше басқа да халықаралық университеттерде құрметтеледі.
Филарет марапаттарының қатарында УПШ мен басқа да православие шіркеулерінің марапаттары, әрі Халықтар Достығы ордені, Еңбек Қызыл Туы ордені, Азаттық ордені мен Иван Мазепа кресті сияқты мемлекеттік те марапаттар бар. Ол, оған қоса, — Украина батыры және кінәз Дана Ярослав орденінің толық кавалері.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Дін ілімі докторлары Санат:Мәскеу діни академиясы түлектері Санат:Мәскеу діни академиясы ректорлары Санат:Украина діни қайраткерлері Санат:Киев митрополиттері Санат:Киев патриархатының Украин православие шіркеуі епископтары Санат:Мажарстан университеттері құрметті докторлары Санат:Кінәз Дана Ярослав орденінің толық кавалерлері Санат:Украина жоғарғы оқу орындары құрметті докторлары Санат:Прешов университеті құрметті докторлары Санат:Украина православие шіркеуі митрополиттері Санат:Львов құрметті азаматтары