Шынар Қапантайқызы Құрманбаева — педагогика ғылымының докторы (2009).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1970 жылы 11 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Қаратоғай ауылында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1992, қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) және Қаратеңіз техникалық университетінің магистратурасын (1995, Түркия) бітірген. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде (қазіргі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті) кафедра меңгерушісі, магистратура меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер, доцент, профессор (2000-2011) қызметтерін атқарды. 2011 жылдан филология факультетінің деканы.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Мемлекеттік қызметшілерге қазақ тілін жеделдете оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 140-қа жуық ғылыми еңбектің, 1 монографияның, 7 оқу құралының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Марапаттары "Жыл әдіскері-2013"; "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2013"; "Тіл жанашыры" құрмет белгісі.

Дереккөздер

Сыртқы сілтеме Шығыс Қазақстан: Танымал есімдер.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Педагогика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар