2015 жылғы 14 қазанда бұрынғы Қазақстан премьер-министрі Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев туған Атырау қаласында ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды.

Балғымбаевтың жаназа намазы 16 қазанда сағат 8:00-де Атыраудағы үйінде және қоштасу рәсімі сағат 9:00-да Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет сарайда өтпек болды.

Алғышарттары Нұрлан Өтепұлы Балғымбаев 1997 жылғы қазаннан 1999 жылғы қазанға дейін Қазақстан премьер-министрі болды. Ол Қазақгейт дауымен байланысты болғаны үшін белгілі еді.

Бірнеше дереккөздер Балғымбаевтың қатерлі ісіктен ауырғанын хабарлады. Бұны ол өліміне бір жарым жыл қалғанда білді деген, ол Германия мен Түркияда емделген деген хабар тарады.

Ірі қазақстандық тұлғалар арасынан Балғымбаевқа халін сұрап Иманғали Тасмағамбетов, Болат Өтемұратов пен Нұрсұлтан Назарбаев келген болатын.

Өлімі Ұзаққа созылған сырқаттан кейін Балғымбаев 2015 жылғы 14 қазанда Атырау қаласында қайтыс болды. Ол 68 жаста еді.

Қоштасу және жерлеу рәсімі Балғымбаевтың жаназа намазы мен қоштасу рәсімінің қашан болатыны қайтыс болғаны жайлы ақпарат тараған күні жария болды: 16 қазанда оның жаназа намазы сағат 8:00-де «Атырау» шипажайы маңы жағалауындағы үйінде өтсе, қоштасу рәсімі сағат 9:00-да Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінде басталмақ болды. Ол кейін Атыраудағы руластарының зиратында жерленді.

Балғымбаевпен қоштасамын деп елден де, ел сыртынан да түрлі шенеунік пен кәсіпкерлер келген. Жергілікті «Ақ Жайық» газетінің хабарлауынша, Атырау әуежайына қоштасу күні 20 шақты авиарейс қонды.

Жаназа намазы Балғымбаевтың Атыраудағы үйі — Жайық өзенінің жағасында орналасқан екіқабатты үй. Оның жаназа намазы дәл сол үйде өтті.

Қоштасу рәсімі Азал митингін Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов бастаған болатын. Іс-шара басында Мәсімов президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту жеделхатын оқыған болатын. Жеделхат Балғымбаевты «мемлекеттік басқарудағы және экономикада ірі қайраткер» десе, премьерлігін «адал еңбек» деді.

Рәсімге белгілі тұлғалардан әділет министрі Берік Имашев, энергетика министрі Владимир Школьник, Қазмұнайгаз басшысы Сауат Мыңбаев, сондай-ақ шетел мұнай компанияларының өкілдері, ҚазТрансОйл басшысы Қайыргелді Қабылдин, бизнесмендер Тимур Құлыбаев, Александр Машкевич, Патох Шодиев, Нұржан Сұбханбердин, Зейнолла Кәкімжанов, оппозицияшы, әрі құда Жармахан Тұяқбай, оппозицияшы Ораз Жандосов қатысты.

Жерленуі Балғымбаев Атырау қаласында, руластарының зиратында жерленген. Жерлеу рәсімінен кейін 700-дей адамнан тұрған жиын мейрамханада жиналды.

Еске алу 2024 жылғы қарашада Астананың Есіл ауданында көше Балғымбаев құрметіне аталды.

Дереккөздер

Санат:2015 жылдағы Қазақстан Санат:Өлім және жерлеу рәсімі тұлғалары