Ақтүйесай ауылдық округі – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы әкімшілік бірлік.
Әкімшілік құрамы Құрамына Ақтүйесай, Күзексай, Қондыбай ауылдары кіреді. Орталығы – Ақтүйесай ауылы.
Халқы 2009 жылғы санақ қорытындысы бойынша округтегі халық саны 1631 адамды құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы ауылдық округтері