Барон Адольф Карл фон Ротшильд (21 мамыр 1823 – 7 ақпан 1900) — банкир. Ол Париждегі Пер-Лашез зиратының 7-секциясында жерленген. thumb|280px|1851 жылғы Мориц-Даниэль Оппенгейм салған Адольф Карл фон Ротшильдтің портреті.Notice from the Center for Jewish History thumb|280px|Оның құлпытасы.

Өмірбаяны ​Ол Франкфуртте дүниеге келген, Карл Майер фон Ротшильдтің үшінші ұлы болған. 1850 жылы баронесса Юлия Каролина фон Ротшильдке (1830–1907) үйленген, бұл некеден бала болмаған. Венадағы отбасылық банктің бөлімшесін басқарған үлкен ағасы Майер Карлмен салыстырғанда қабілеті төменірек деп есептелген ол, 1856 жылы Франкфурттегі бөлімшеден шығарылып, Неапольдегі бөлімшені басқаруға жіберіледі. Неапольде ол Парма герцогтігінің бас консулы қызметін атқарып, өнер туындыларын жинай бастады.

1858 жылы ол Леман көліне қарап тұрған иелігінде Людовик XVI стилінде Преньи шатосын жобалап, салу үшін Джордж Генри Стокс пен Джозеф Пакстонды жалдады. Genevan Heritage Across the Centuries on http://www.geneve.ch Бұл ғимарат негізінен оның кескіндеме және өнер туындыларының коллекциясын, әсіресе тау хрусталінен жасалған бұйымдарды (ол ұлы Баден герцогының коллекциясын сатып алған болатын) және жартылай асыл тастардан жасалған жұмыстарды сақтауға арналған. Ол шатоның бағын кеңейтіп, құс қорасы мен жылыжайлар салдырды, олар қазіргі уақытта Женева ботаникалық бағының бір бөлігі болып табылады.

1860 жылы Гарибальди әскерлері Неапольге басып кіргенде, ол Екі Сицилия королі II Франциск пен бірге солтүстікке, Гаэтаға қашты. Бірақ ол өз отбасынан тақтан тайдырылған корольге несие беруге рұқсат ала алмады. Адольф Неапольдегі резиденциясын сатып, 1863 жылы іскерлік өмірден кетті, дегенмен келесі жылы Кьяйя ауданында Неапольдің қазіргі синагогасының құрылысын бастады. 1868 жылы ол Парижге, бастапқыда Исаак Перейре үшін салынған Монсо көшесіндегі (45–47 үй) жеке үйге көшті. Бұл ғимаратты Адольф үшін сәулетші Феликс Лангле қайта жөндеп шықты.

1886 жылы женевалық хирург Адольфтің көзінен металл сынығын сәтті алып тастағаннан кейін, барон «көз бен бас ауруларын емдеуге арналған және медицина прогресіне сай жаңа мамандықтар мен әдістерге ашық» аурухана салуды ұйғарды. Ол бұл жоба аяқталмай тұрып қайтыс болды, бірақ оның жесірі істі соңына дейін жеткізіп, 1905 жылы Парижде Адольф де Ротшильд қорының ауруханасы ашылды. Site officiel de la Fondation ophtalmologique Adolphe-de-Rothschild Франкфуртте қайтыс болғаннан кейін ол өзінің шатосын, жеке үйін және өнер коллекциясын жиені Адельхейдтің ұлы Мориске мұраға қалдырды.

Әдебиет Bertrand Gille, Histoire de la Maison Rothschild, Librairie Droz, Genève, 1965 & 1967. 2 volumes

Дереккөздер

Санат:Германия банкирлері Санат:Пер-Лашез зиратында жерленгендер Санат:Ротшильд әулеті