Нәзира Дәуітбекқызы Нұртазина — тарих ғылымының докторы (2010), профессор (2011).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1965 жылы 27 тамызда қазіргі Абай облысы, Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында туған.
ҚазМУ-ды (1987, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) және аспирантурасын (1993), докторантурасын (2000), Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті)н (2006) бітірген. Орал педагогикалық институтында (1987-89, қазіргі Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті), Қазақ ұлттық университетінде зерттеуші-стажер (1986-93), аға оқытушы, доцент (1989-2011), 2011 жылдан Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры.
Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – Қазақстан мен Орта Азияның рухани-өркениеттік дамуы, аймақта ислам дінінің таралуы, түркі мәдениеті. "Исламның Қазақстанда таралуының тарихи үрдістері (VIII-XVIII ғғ.)" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 100-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 6 монографияың авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер НУРТАЗИНА Назира Даутбековна.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Тарих ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері Санат:Профессорлар