Шахрух би, сондай-ақ Шахрух​ (‎; 1680–1721/1722) — 1709 жылдан бастап билік құрған Қоқан хандығындағы өзбектердіңBosworth C. E. The new Islamic dynasties. A chronological and genealogical manual. N.Y., 1996. Р. 295 Мың әулетінен шыққан алғашқы билеуші.

XVIII ғасырдың басында Ферғана аңғары Бұхара хандығының құрамына кірді. Әбілпейіз ханның (1711–1747) билік еткен дәуірінде елде орталық биліктің әлсіреуі және саяси өзара қырқыстың күшеюі байқалады. Осындай жағдайда Ферғана аңғарында билікке шыңғыс ұрпақтары емес, өзбектіңАнке фон Кюгельген, Легитимация среднеазиатской династии мангитов в произведениях их историков (XVIII–XIX вв.). Алматы: Дайк-пресс, 2004, с.70 мың руының өкілдері бастаған жаңа әулет келеді.

Өмірбаяны Мың әулетінің алғашқы билеушісі Шахрух би болды. Бастапқыда ол Әбілпейіз хан берген аталық лауазымына ие еді. Мың руының басқа өзбек тайпаларынан сандық тұрғыдан басым болуы оларға аймақтағы жоғарғы билік үшін күресте жеңіске жетуге мүмкіндік берді. Шахрух бидің көшбасшы болып сайлануы кездейсоқ емес. Ол әскери талантқа ие және ерекше дене күшімен ерекшеленетін еді. Жаңа мемлекеттің астанасы ретінде уақытша Тепеқорған таңдалды. Мұнда бекініс, базар және жаңа кварталдар салынды.История Узбекистана. Том 3. Ташкент, 1993, с.205

Шахрух би өз билігін Қоқан, Исфара, Йайпан, Шадақ, Шуст және Наманған өңірлеріне жүргізе алды.​

Шахрух бидің тұсында Ұбайдулла қожа бас уәзір, Нұриддин қожа барлау қызметінің басшысы, ал Акбар қожа әскер қолбасшысы болып тағайындалды. Бұл жағдай Қоқан хандығының алғашқы әкімшілік құрылымында отырықшы қожалар ақсүйектерінің саяси рөлі жоғары болғанын көрсетеді.

Қаза табуы ​Шахрух би 1721 жылы жекелеген әмірлер топтарының арасындағы өзара алауыздық салдарынан өлтірілді.

​Ол қайтыс болғаннан кейін мемлекеттегі билік оның үлкен ұлы Әбдірахым биге көшті.

Әдебиет История Узбекистана. Т.3. Т.,1993. История Узбекистана в источниках. Составитель Б.В. Лунин. Ташкент, 1990 Бабаджанов Б.М., Кокандское ханство: власть, политика, религия. Токио-Ташкент, 2010.

Дереккөздер

Санат:Мың әулеті Санат:Қоқан хандары