Акджа Таджиевна Нурбердиева (1957 жыл туған) — 2006—2018 жылдары Түрікменстан Мәжілісінің төрайымы қызметін атқарған түрікмен саясаткері. Бұл қызметте бір күн бұрын тұтқындалған Овезгельды Атаевтың орнына келген.
Өмірбаяны Акджа Нурбердиева философиялық ғылымдар кандидаты дәрежесіне ие және мұғалім мамандығы бойынша білім алған.
2000–2005 жылдары Нурбердиева Түрікменстан Мәжілісінің II шақырылымының депутаты болды. 2005 жылдан бастап жаңа шақырылымда Мәжіліс төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ахал уәлаятынан Түрікменстан Демократиялық партиясының сайланған хатшысы және Ұлттық Еңбек Одағы Орталығының төрайымы болып, бұл қызметті 2007 жылғы 23 ақпанға дейін атқарды.
2006 жылғы 22 желтоқсаннан 2007 жылғы 23 ақпанға дейін Мәжіліс төрағасының міндетін атқарушы болды. 2007 жылғы 23 ақпанда Мәжіліс төрайымы болып сайланды.Акджа Нурбердыева сохранила пост председателя парламента Туркмении 2014 жылы қайта сайланды.
2018 жылғы 30 наурызда Мәжіліс төрағалығы қызметінен кетті және зейнеткерлікке шығуына рұқсат берілді.
Оппозициялық БАҚ мәліметтері бойынша, Мәжілістен зейнеткерлікке шыққаннан кейін Нурбердиева мемлекеттік қызмет академиясында оқытушы болып жұмыс істей бастады.
Дереккөздер
Санат:1957 жылы туғандар Санат:Ашхабадта туғандар Санат:Философия ғылымдарының кандидаттары Санат:Түрікменстан Мәжілісі төрағалары