«Марти» () (1955) — 1955 жылы жарыққа шыққан америкалық романтикалық драма. Бұл туынды режиссер Делберт Маннның кинодағы дебюттік жұмысы болып табылады. Фильм сценарийі Пэдди Чаефскидің 1953 жылы телеэкранға шыққан аттас пьесасының желісімен жазылған. Басты рөлдерді Эрнест Боргнайн мен Эстер Минчотти сомдады.

Фильм кинематография тарихындағы айтулы табыстардың бірі ретінде «Оскар» сыйлығының «Үздік фильм» номинациясы мен Канн кинофестивалінің «Алтын пальма бұтағын» қатар иеленді. Қазіргі таңда бұл екі беделді марапатты қатар еншілеген санаулы фильмдердің қатарына «Мартиден» бөлек, тек Жоғалған демалыс (1945), Паразиттер (2019) және Анора (2024) кинотуындылары ғана кіреді.

Сонымен қатар, 1994 жылы «Марти» фильмі «мәдени, тарихи немесе эстетикалық тұрғыдан маңызды» деп танылып, Конгресс кітапханасының АҚШ фильмдерінің ұлттық тізіліміне сақтауға таңдап алынды.

«Марти» фильмінің айрықша табысы аз бюджетті, өмірге жақын әрі қарапайым шындықты баяндайтын кино бағытының дамуына жол ашты.

Сюжеті Фильм Нью-Йорктің Бронкс ауданында тұратын, жасы отыздан асқан италиялық-америкалық қасапшы Марти Пилеттидің өмірін баяндайды. Марти — өте мейірімді, бірақ өзіне сенімсіз және жалғызбасты адам. Анасы, туыстары мен достары оны үнемі үйленуге үгіттеп, «қашан үйленесің?» деген сұрақпен мазасын алады. Өзінің сырт келбетін ұнатпайтын Марти бұл сұрақтардан шаршап, махаббат табудан үмітін үзе бастайды.

Бір сенбі күні кешкісін Марти достарының айтуымен «Стардаст» би алаңына барады. Онда ол Клара есімді қарапайым мектеп мұғалімімен танысады. Клара да Марти сияқты жалғызсырап жүрген, серігі тастап кеткен жан еді. Екеуі кеш бойы әңгімелесіп, бір-бірінің ішкі дүниесін, ортақ мүдделерін түсінеді.

Алайда, Мартидің айналасындағылар бұл таныстыққа қарсы шығады. Анасы жалғыз қалудан қорқып, Клараны ұнатпайтынын білдірсе, достары оның сырт келбетін келеке етеді. Марти қоршаған ортасының пікірі мен өз бақытының арасында таңдау жасауы керек болады. Соңында ол өз сезіміне сеніп, Клараға хабарласуға бел буады.

Рөлдерде

Марапаттары мен номинациялары Марапат Санат Номинант Нәтиже Дереккөз Оскар Үздік фильм Гарольд Хехт Үздік режиссер Делберт Манн Үздік актер Эрнест Боргнайн Үздік көмекші актер Джо Мантелл Үздік көмекші актриса Бетси Блэр Үздік бейімделген сценарий Пэдди Чаефски Үздік қоюшы суретші жұмысы (ақ-қара фильм) Тед Хауорт, Уолтер М. Симондс, Роберт Пристли Үздік операторлық жұмыс (ақ-қара фильм) Джозеф Лашелл Бодиль Үздік америкалық фильм Делберт Манн BAFTA Үздік фильм «Марти» Үздік шетелдік актер Эрнест Боргнайн Үздік шетелдік актриса Бетси Блэр Канн кинофестивалі Алтын пальма бұтағы Делберт Манн OCIC сыйлығы АҚШ режиссерлер гильдиясының сыйлығы Көркем фильмдегі үздік режиссура Алтын глобус Үздік актер — драма Эрнест Боргнайн Карловы Вары халықаралық кинофестивалі Үздік фильм Делберт Манн Ұлттық киносыншылар кеңесі Топ-10 фильм «Марти» Үздік фильм Үздік актер Эрнест Боргнайн АҚШ сценарийшілер гильдиясының сыйлығы Үздік америкалық драмалық сценарий Пэдди Чаефски

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Санат:1955 жылғы АҚШ фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер Санат:Делберт Манн фильмдері Санат:United Artists фильмдері Санат:АҚШ ақ-қара түсті фильмдері Санат:Үздік фильм үшін Оскар сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:Алтын пальма бұтағы сыйлығының иегерлері (фильмдер) Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:АҚШ мелодрама фильмдері Санат:АҚШ фильмдерінің ұлттық тізілімі Санат:АҚШ пьесаларының экрандаулары Санат:Мұғалімдер туралы фильмдер Санат:Нью-Йорк туралы фильмдер