Әбділазиз хан (1513–1550) — Бұхара хандығындағы Шайбанилер әулетінен шыққан алтыншы өзбек билеушісі. 1540–1550 жылдары билік құрды.

Өмірбаяны Ұбайдулла ханның үлкен ұлы Әбділазиз хан 1513 жылы Бұхарада дүниеге келген. see Abu’l-Ḡāzī, II, p. 239, n. 2

1526–1527 жылдары Әбділазиз хан Ұбайдулла хан басып алған Астрабадтың билеушісі болып тағайындалды.Ḥasan Rūmlū, I, p. 201, II, pp. 98-99 Сондай-ақ Әбділазиз хан Ұбайдулла ханның Хорасандағы басқа да жорықтарына қатысты: ол 1529 жылы Шах Тахмаспқа қарсы шайқаста болды.

1535–1536 жылдары Әбділазиз хан Ұбайдулла хан армиясының авангардын (алдыңғы шебін) басқарды. 1538 жылы Хорезмді басып алғаннан кейін, Әбділазиз хан астанасы Үргеніш болған Хорезмнің билеушісі болды. Алайда Хорасаннан Дін Мұхаммед сұлтан мен оның әскері келген кезде, Әбділазиз хан Бұхараға қашты.On all these events, see ibid., I, pp. 215, 220, 245, 267, 291-92, II, pp. 103-04, 112, 132-33; Abu’l-Ḡāzī, I, pp. 223, 225, II, pp. 239, 242.

1540 жылы Ұбайдулла хан қайтыс болғаннан кейін билікке Көшкінді ханның ұлы I Абдолла хан келді, алайда ол ұзақ билік құрмады. Ол қайтыс болғаннан кейін елде екі билеуші қатар билік жүргізе бастады. Бұхарада Ұбайдулланың ұлы Әбділазиз таққа отырса, Самарқанда Көшкінді ханның ұлы Әбділәтіп хан билікке келді. Әбділазиз Әбділәтіп ханның билігін мойындамады. Туындаған қайшылықтарды Жүйбар шейхтері шешіп берді. Осылайша, Шайбанилер мемлекетінде 1550-жылдардың ортасына дейін созылған қос билік орнады.

Ішкі саясаты ​Әбділазиз хан халықтың мүддесін көздей отырып, кейбір салықтарды азайтты және елде экономикалық реформалар жүргізуге тырысты.

Сыртқы саясаты ​Әбділазиз хан Осман империясымен және Қытаймен байланыс орнатып тұрды. 1547 жылы оның елшілері Мин әулеті императорының сарайына барды.Китайские документы и материалы по истории Восточного Туркестана, Средней Азии и Казахстана XIV–XIX вв. Алматы, 1994, с.55

Мәдениет саласындағы саясаты thumb|Шайбанилер дәуірінің миниатюрасы, 1540 жыл Әбділазиз ханның рухани ұстазы Шайх Жалал болды.Б.В. Норик, Роль шибанидских правителей в литературной жизни Мавераннахра XVI в. // Рахмат-намэ. Спб, 2008, с.247 Әбділазиз ханның кітапханасы Орта Шығыстағы ең ірі әрі бай кітапханалардың бірі саналды. Ол ақындар мен ғалымдарға қамқорлық көрсетті. Әбділазиз ханның өзі де «Азизи» әдеби лақап атымен түркі тілінде өлеңдер жазған.

Қайтыс болуы ​Әбділазиз хан 1550 жылғы 16 мамырда Бұхарада дүниеден өтіп, Бұхарадағы Мир Араб медресесіне әкесінің қасына жерленді.

Әдебиет История Узбекистана. Т.3. Т.,1993. История Узбекистана в источниках. Составитель Б.В. Лунин. Ташкент, 1990

Дереккөздер

Сілтемелер