. Ольга Владимировна Коржева (14.6.1969 ж.туған, Алматы) – актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1998).
Ресейдегі Свердловск театр инcтиутын бітірген (1990). Сол жылдардан бастап Алматыдағы Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының сахнасында өнер көрсетті. Оның осы театр сахнасындағы ойнаған рөлдері қатарына Софья (Александр Сергеевич Грибоедов, “Ақылдың азабы”), Аққу ханшайым (А.С. Пушкин, “Салтан патша туралы ертегі”), Елена (М.Булгаков, “Ақ шармық”), Лара (Б.Пастернак, “Доктор Живаго”), Гертруда (У.Шекспир, “Гамлет”) және т.б. бар. Сыртқы ұстамдылық пен ішкі жан тебіренісін өзара шендестіру Коржева өнеріне тән қасиет.Қазақ Энциклопедиясы, 11 - том
Марапаттары мен атақтары 1998 — Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 2010 — "Жылдың үздік актрисасы" номинациясы бойынша Қазақстан театр қайраткерлері одағының "Еңлікгүл" сыйлығы. 2013 — "Құрмет" ордені (13.12.2013).
Дереккөздер
Санат:Екатеринбург театр институты түлектері Санат:Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері Санат:Наталия Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры тұлғалары Санат:Еңлікгүл сыйлығының иегерлері