Жаңыл Мырза — қырғыз халқының қаһармандық жыры. Кейбір деректерге қарағанда, оның пайда болуы XV–XVI ғасырларға жатады. Дастанда қалмақ шапқыншылығына қарсы қырғыздардың күресі, қырғыз тайпаларының өмірі бейнеленеді.
Тарихы Жаңыл Мырза дастанының басты кейіпкері — Жаңыл батыр қыз, ноғайыт тайпасының білімді өкілі. Оның ерлігі жаумен шайқаста да, жеке өміріндегі сынақтарда да көрінеді. Манап бидің немересі Түлкі батыр Жаңылға үйлену мақсатымен ағасы Учуканы, Атақозу мен Чабақты бастап әскер жинап келеді. Белек Солтоноевтің мәліметінше, Жаңыл Мырза қазіргі Ақсу маңында өмір сүрген. Күйеу жағы келгенде, олар Жаңылды үйінен таппайды. Бір жағынан оларды қарсы алмағанына намыстанса, екінші жағынан оның батырлығын сынау үшін ноғайыттардың жылқысын айдап кетеді. Ізінен қуып жеткен Жаңыл Мырза алдымен мәселені бейбіт жолмен шешуге тырысады. Алайда әкесінің «қыз емес, ұл болғаныңда дұшпанды бұлай аямас едің» деп намысына тиюі және Түлкі батырдың оны кемсітуі себепті, Жаңыл Мырза садақпен атып, бес батырды — Учуканы, Түлкіні, Аққошқарды, Қанқыны, Атақозуды және Чабақты өлтіреді.
Мазмұны Жаңыл Мырза дастанының пайда болуына тарихи оқиғалар негіз болған, халықтың рухани сұранысы Жаңыл сияқты жарқын кеіпкердің қалыптасуына ықпал еткен. Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы Қолжазбалар қорында дастанның төрт түрлі нұсқасы сақталған (Тоголок Молдо, А. Чоробоев, И. Абдирахманов және М. Мусулмонкулов нұсқалары). 1957 жылы дастан жеке кітап болып жарық көрген. И. Абдирахманов нұсқасы «Илим» баспасынан басылып шыққан. «Жаңыл Мырза» дастанының кейбір жырлаушылары оны нақты тарихи оқиғалармен байланыстырып, кейіпкерлердің прототиптері туралы да айтады. Тоголок Молдо өз естелік кітабында Жаңылдың XVI ғасырда өмір сүргенін жазады. Жаңыл өмір сүрген кезеңде Қалматай батыр, оның інісі Төлөк, Шырдакбек хан, Учко, Түлкі, Тейиш және оның ұлдары Аққошқар, Улбурчоқ, Бургуйлар өмір сүргені айтылады. Мәліметтерге сүйенсек, дастан кейіпкерлерінің бір бөлігі тарихи тұлғалар болған. Ал И. Абдирахманов Жаңылды XVII ғасырда өмір сүрген тарихи тұлға деп көрсетеді.
Жаңыл Мырза дастанының сюжеттік желісі негізінде К. Маликов пен А. Куттыбоев драма жазған, С. Эралиев поэма шығарған.
Дереккөздер
Санат:Қырғыз әдебиеті