Жаңаесіл (2018 ж. дейін — Новоишимка)Ақмола облысы Целиноград ауданының кейбір ауылдарын және ауылдық округтерін қайта атау туралы — Ақмола облысы Целиноград ауданындағы ауыл, Жаңаесіл ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Ақмол ауылының солтүстік-батысында 30 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағасында орналасқан. Жақын темір жол стансасы – Қосшоқы (15 км).

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен19512179 2207 101,3 1069 1096 102,5 1110 1111 100,1

Тарихы Іргесі 1930 жылы қаланған. 1939 жылдан 1949 жылға дейін Ақмола ауданының орталығы, 1961 – 1996 жылдары Новоишимский астық кеңшарының және ауыл шаруашылығы техникумының орталығы болып келді. Новоишимкада шұжық жасайтын цех, наубайхана, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, т.б. жұмыс істейді.

Дереккөздер

Санат:Целиноград ауданы елді мекендері