Эргативті қатар (эргативтілік, эргативті типология; грек. ergátēs — «іс-әрекет жасаушы») — тіл біліміндегі сөйлем құрылымында қатысушылардың (актерлердің) грамматикалық және семантикалық ұйымдасуын сипаттайтын типологиялық ұғым.
Жалпы сипаттама Номинативті жүйеде бастауыш (субъект) пен толықтауыш (объект) қарама-қарсы қойылса, эргативті қатарда іс-әрекет жасаушы (агенс) мен іс-әрекетке ұшыраушы немесе күй иесі (пациенс) арасындағы қарама-қарсылық негізгі рөл атқарады.
Эргативті тілдерде салт етістіктің бастауышы (S) мен сабақты етістіктің тура толықтауышы (O) бірдей грамматикалық түрде беріледі, ал сабақты етістіктің бастауышы (A) ерекше формада — эргатив арқылы белгіленеді.
Негізгі ерекшеліктері Агенс (A) — эргативті септікпен беріледі Пациенс (O) және салт етістік субъектісі (S) — абсолютті (негізгі) формада келеді Етістіктер семантикасына қарай агентивті және фактивті болып жіктелуі мүмкін
Дереккөздер Салқынбай А. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. — Алматы, 1998.
Санаты
Лингвистикалық типология