Лукан Марк Анней (39–65 жж.) — римдік көрнекті ақын әрі философ. Ол Испанияда дүниеге келген. Философ Сенеканың жиені болған. Римде философ Корнут тан білім алған. Біраз уақыт Неронның ықыласына бөленгенімен, кейін император оны жек көре бастайды. Нәтижесінде Лукан Пизон бүлігіне қатысушы ретінде өлім жазасына кесіледі. Луканның «Орфей», «Илиада», «Сатурналия», «Медея» атты поэмалары мен көптеген шығармалары түгелге жуық жоғалып кеткен. Бізге тек аяқталмай қалған «Фарсалия» поэмасы жеткен. Бұл шығармада Цезарь мен Помпей арасындағы билік үшін күрес 10 кітап көлемінде баяндалады. Поэманың мазмұны тарихи оқиғалардың хронологиялық тәртібімен берілген. Автор тарихи деректерді шынайы жеткізуге тырысқан. Кейбір көріністер ерекше әсерлі жазылып, кейіпкерлердің мінездері айқын сипатталады. Луканның ақындық әрі шешендік таланты шығармада анық көрінеді. Стоиктер мектебінде тәрбиеленген Лукан оқиғаларға өзіндік көзқараспен қарап, еркіндікті жоғары бағалаған. Оның тілі әсерлі әрі көркем болған. Квинтилиан Лукан шығармаларын сезімнің шынайылығы мен ой байлығы үшін жоғары бағалаған.

Нақыл сөздері

«Соғыс кезінде заңдар үндемейді» «Өткінші нәрсенің бәрі кездейсоқтыққа тәуелді»

Дереккөздер "Энциклоредия мудрости" РООССА 2007ж

Санат:Рим ақындары