Лавренов Василий Сергеевич (17 қараша 1979 жыл) — қазақстандық заңгер, мемлекеттік қызметкер. 2025 жылғы 23 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің өкімімен Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарады.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік бітірген. 2004 жылы Дюк университетінің Құқық мектебі мен Жапониядағы Киюшу университетінің халықаралық құқық бағдарламасын аяқтаған.
Корпоративтік құқық, мұнай-газ және атом энергетикасы салаларында ұзақ жылдар қызмет атқарған. Әр жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ және халықаралық компанияларда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.
Өмірбаяны
Білімі
2000 жылы Қазақ мемлекеттік заң академиясын үздік тәмамдаған.
2004 жылы Дюк университетінің Құқық мектебі мен Жапониядағы Киюшу университетінің халықаралық құқық бағдарламасын аяқтаған.
Қызметі
Еңбек қызметін 1999 жылы «Титул» заң агенттігі» ЖШС-де заңгер көмекшісі болып бастаған. Кейін «GRATA» заң фирмасы» ЖШС-де заңгер болып жұмыс істеген.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ заң департаментінің заң кеңесшісі (2001–2002); «GRATA» заң фирмасы» ЖШС-нің серіктесі (2002–2005); «Bateman Kazakhstan Oil and Gas Company B.V.» компаниясының Қазақстандағы филиалында заң қызметінің басшысы – құқықтық мәселелер жөніндегі бас кеңесші (2005–2007); Қазақстан Республикасындағы «Интегра Менеджмент» жабық акционерлік қоғамының мұнайсервис компаниясы өкілдігінде заң қызметінің директоры (2007–2008); «Eastcomtrans» компаниялар тобының заң департаментінің директоры – бас заң кеңесшісі (2008–2017); Greenline Services Ltd компаниясында аға серіктес – кеңесші (2019–2022); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2022–2025); Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (23 мамыр 2025 жылдан бастап).
Дереккөздер