Игорь Николаевич Тутеволь (7 шілде 1941, Таулы Алтай, Ойрот автономиялы облысы, Алтай өлкесі, РКФСР, КСРО — 1 маусым 2009, Иркутск, Иркутск облысы, Ресей) — кеңестік және ресейлік партия және мемлекет қайраткері. Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1989-1991). Иркутск облысы және Усть-Орда Бурят автономиялық округі бойынша бас федералдық инспектор (2000-2002).

Өмірбаяны 1963 жылы И. И. Ползунов атындағы Алтай политехникалық институтын «инженер-механик, құю өндірісінің машиналары мен технологиясы» мамандығы бойынша, ал 1982 жылы КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясын бітірді.

1963—1976 жылдары Иркутск радиоприемник зауытында: шебер, басшының орынбасары, цех басшысы, бас металлург, партия комитетінің хатшысы болып жұмыс істеді.

1976—1982 жылдары КОКП Иркутск облыстық комитетінің өнеркәсіп бөлімі меңгерушісі қызметін атқарды.

1982—1984 жылдары КПСС Иркутск облыстық комитетінің қорғаныс өнеркәсібі бөлімі меңгерушісі болды.

1984—1987 жылдары КОКП ОК ұйымдастырушы-партиялық жұмыс бөлімі нұсқаушысы болып істеді.

1987—1989 жылдары Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің 2-хатшысы, содан соң — Қазақстан Компартиясы ОК ұйымдастырушы-партиялық және кадрлық жұмыс бөлімі меңгерушісі болып еңбек етті.

1989—1991 жылдары Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің 1-хатшысы лауазымында мехнат қылды.

1990—1992 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы болып еңбектенді.

1992—1995 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігі басшысының 1-орынбасары болып күн көрді.

1995 жылы дипломатиялық қызметке ауысып, Қазақстан Республикасының Будапешт қаласындағы Орталық және Шығыс Еуропа елдері жөніндегі өңірлік елшілігінде экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесші болып жұмыс істеді. 1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы уақытша сенімді өкілі қызметін атқарды.

2000 жылы Ресейге оралды.

2000—2002 жылдары Иркутск облысы мен Усть-Орда Бурят автономиялық округіндегі бас федералдық инспектор болды.

2008 жылдан бастап — «Стройтрансгаз» ААҚ Иркутск филиалы бас директорының орынбасары болып істеді.

Бірінші сыныпты кеңесші дипломатиялық дәрежесіне ие.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің XI және XII шақырылымдары депутаты. 1989–1991 жылдардағы КСРО халық депутаты (1990 жылғы 5 тамыздағы қосымша сайлауда сайланған), КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі.

Марапаттары мен атақтары «Құрмет Белгісі» ордені және медалдармен марапатталған.

Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры, Халықаралық акмеологиялық академияның мүше-корреспонденті.

Сыртқы сілтемелер Орта Азия. «Восточно-Сибирская правда» баспа тобы.

Санат:КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясының түлектері Санат:Қазақстан КП Шығыс Қазақстан облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Алтай мемлекеттік техникалық университетінің түлектері Санат:КОКП ОК аппаратының қызметкерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 11-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақстан КП Шымкент облыстық комитетінің екінші хатшылары Санат:Шығыс Қазақстан облыстық кеңесінің депутаттары Санат:Қазақстанның Польшадағы елшілері Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшелері (1989–1991) Санат:Қазақ КСР округтарынан сайланған КСРО халық депутаттары