Блазар - белсенді галактикалық ядролардың ерекше түрі. Ол орталығында аса үлкен қара құрдым орналасқан галактикаларда кездеседі. Блазарлардың басты ереекшелігі - олардан шығатын релятивистік плазма ағынының (джетінің) Жер бағытына қарай бағытталуы. Осыған байланысты блазарлар аспандағы ең жарық және ең қуатты астрономиялық нысандардың бірі болып саналады.

Сипаттамасы Блазарлар квазарлардың бір түріне жатады. Олардың орталығында массасы миллиондаған немесе миллиардтаған Күн массасына тең аса үлкен қара құрдым орналасады. Қара құрдым айналасындағы заттарды жұтып, орасан зор энергия бөледі.

Қасиеттері Блазарлар электромагниттік спектрдің барлық диапазонында сәуле шығарады: радиотолқындардан бастап гамма-сәулелерге дейін. Олардың жарықтығы бірнеше сағат немесе бірнеше күн ішінде айтарлықтай өзгеруі мүмкін. Сонымен қатар, блазарларда жоғары поляризацияланған сәулелену байқалады.

Түрлері Блазарлар негізінен екі топқа бөлінеді: BL Ящерица типті нысандар (BL Lacertae objects); Жазық спектрлі радиоквазарлар (Flat Spectrum Radio Quasars, FSRQ). Екі түр де белсенді галактикалық ядролар қатарына жатады, бірақ спектрлік сипаттамалары бойынша ерекшеленеді.

Ғылыми маңызы Блазарларды зерттеу ғалымдарға аса үлкен қара құрдымдардың табиғатын, галактикалардың эволюциясын және жоғары энергиялы бөлшектердің пайда болу механизмдерін түсінуге мүмкіндік береді. Кейбір блазарлар ғарыштық нейтрино көздері ретінде де қарастырылады.

Дереккөздер