Мұхамедғали Әленұлы Сужиков (15 қыркүйек 1910, Баклано-Лопатино ауылы, Краснояр уезі, Астрахан губерниясы, Ресей империясы — 14 тамыз 1999, Алматы, Қазақстан) — кеңестік қазақ партия және мемлекет қайраткері. Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшысы (1958–1960).
Өмірбаяны 1927—1929 жылдары РКФСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы педагогикалық курстардың тыңдаушысы болды.
1929—1938 жылдары ұжымшар жастары мектебінің меңгерушісі, содан соң Астрахан балық шаруашылығы техникумында Володар жұмысшы факультетінің директоры болып жұмыс істеді. 1932 жылы БК(б)П қатарына қосылды.
1938—1943 жылдары Володар аудандық кеңесі атқару комитетінің төрағасы (Астрахан округі) міндетін атқарды.
1943 жылдың желтоқсанына дейін БК(б)П Астрахан округтік комитетінің хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1944—1945 жылдары БК(б)П Астрахан облыстық комитеті мал шаруашылығы жөніндегі хатшысының орынбасары болып еңбектенді.
1945—1948 жылдары БК(б)П ОК жанындағы партия ұйымдастырушыларының жоғары мектебінде тыңдаушы, кейін БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы болды.
1948—1949 жылдары Қазақстан К(б)П Ақтөбе облыстық комитетінің кадрлар жөніндегі хатшысы болып істеді.
1949—1950 жылдары Қазақстан К(б)П Ақтөбе облыстық комитетінің хатшысы болып еңбек етті.
1950—1951 жылдары Қазақстан К(б)П Ақтөбе облыстық комитетінің 1-хатшысы болып күн көрді.
1951 жылдың 17 қазанынан1951 жылдың 16–17 қазанындағы Қазақстан К(б)П Орталық Комитетінің VIII пленумының қаулысы. — 1954 жылдың 12 маусымына1954 жылдың 8–12 маусымындағы Қазақстан КП Орталық Комитетінің II пленумының қаулысы. дейін Қазақстан К(б)П – Қазақстан КП ОК хатшысы болып жұмыс істеді.
1954 жылдың маусымынан — 1958 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің 1-хатшысы қызметін атқарды.
1958 жылдың қаңтарынан — 1960 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің 1-хатшысы лауазымында мехнат қылды.
1960 жылдың қыркүйегінен — 1963 жылға дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік-кеңестік бақылау комиссиясы төрағасының орынбасары болып еңбектенді.
1963—1965 жылдары Мәдениет қызметкерлері кәсіподағындағы Қазақ республикалық комитетінің төрағасы болып істеді.
1965—1967 жылдары Қазақстан КП Қостанай облыстық комитетінің хатшысы болып еңбек етті.
1967—1971 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитеттің төрағасы болып күн көрді.
1971 жылы зейнетке шықтыАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2008.
Дереккөздер
Сілтемелер Мұхамедғали Сужиков. 1898–1991 жж. Коммунистік партия және Кеңес Одағы тарихының анықтамалығы.
Санат:Қазақстан КП Семей облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:Қазақстан КП Қызылорда облыстық комитетінің бірінші хатшылары Санат:КОКП ОК жанындағы Жоғарғы партия мектебі түлектері Санат:Ұлттар Кеңесі 5-шақырылымының депутаттары Санат:Ұлттар Кеңесі 4-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР атынан сайланған Ұлттар Кеңесінің депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:КОКП XX съезінің делегаттары Санат:КОКП XXI съезінің делегаттары