Райхан Ахметқызы Арынова — биология ғылымының докторы (2001).
Өмірбаяны, еңбек жолы 1955 жылы 10 қарашада Семей қаласында туған.
Семей зооветеринарлық институтын (1980, қазіргі Семей малдәрігерлік институт), Мəскеу ветеринария академиясының аспирантурасын (1989), Семей мемлекеттік университетін (2006, қазіргі Шәкәрім университеті) бітірген. Комсомол комитеті өндірісінде (1980-81), Семей мемлекеттік университетінде кіші ғылыми қызметкер, (1981-82), аға лаборант (1982-83), ассистент (1983-91), аспирант (1985-88), жас ғалымдар кеңесінің төрайымы (1989-90), қабылдау комиссиясының хатшысы (1990-91), аға ғылыми қызметкер (1996-98), доцент (1991-2002), профессор (2002-04), кафедра меңгерушісі (2004-12).
Ғылыми бағыты, еңбектері "Механизмы адаптации организма при влиянии разных t° и уровней радиации в Семипалатинском регионе" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде 5 монографияның авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6. Авторлық оқу құралдары: Организмнің физиологиялық механизмдері; Управление инновационным процессом: Опыт ТОО "Yu Kids Island" Детский сад "Zhuldiz-Ardak"; Адам және жануарлар физиологиясының практикумы; Тыныс алу, жүрек және беймделу физиологиясы; Организмнің физиологиялық механизмдері; Монографиялары: Физиология сердца, дыхания и адаптация организма; Физиологические механизмы адаптации организма.Арынова Райхан Ахметқызы.
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Известные учёные.
Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Биология ғылымдарының докторлары