Надия Селиханқызы Ахтаева — психология ғылымының докторы (2009), профессор (2012).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1952 жылы 2 қаңтарда қазіргі Абай облысы, Бородулиха ауданы, Новопокровка ауылында туған.

Семей педагогикалық институтын (1974, қазіргі Шәкәрім университеті) бітірген. Семей техникумында комсомол комитетінің хатшысы (1975-79), Мəскеу педагогикалық мемлекеттік университетінде стажер-зерттеуші (1979-81), аспирант (1981-84), Семей педагогикалық институтында оқытушы, Қарағанды мемлекеттік университетінде (қазіргі Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті) аға оқытушы, кафедра меңгерушісі (1984-93), Қазақ ұлттық аграрлық университетінде (қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті) доцент (1993-96), Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде аға ғылми қызметкер, доцент (1996-2001), 2002 жылдан Қазақ ұлттық университетінде профессор.

Ғылыми бағыты, еңбектері "Системно-психологическая подготовка современного преподавателя вуза" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 200-ден аса ғылыми еңбектің, олардың ара­сын­да импакт-факторы жо­ға­ры бірқатар халықаралық дең­гейдегі мақалалардың, 3 мо­­нография, 20 оқу құралдарының авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2012.1-том. – 616 бет. ISBN 9965-893-92-6.

Марапаттары Пси­хо­логия теориясы мен прак­ти­касын дамытуға қосқан ерен үле­сі үшін Психология ғылым­да­рының халықаралық академиясы президиумының "Құр­мет грамотасы" (2010); "Жоғары оқу ор­ны­ның үздік оқытушысы" (2016); Психология ғылым­да­рының халықаралық академиясы президиумының "Құр­мет" медалінің иегері (2017).Гуманитарлық мәдениеттің жаршысы.

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Надия Селиханқызы Ахтаева.

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Психология ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары