Эдуард Бухнер (, 20 мамыр 1860, Мюнхен — Бавария – 13 тамыз 1917, Румыния) — неміс химик және биохимик. Химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1907) («биологиялық химия саласындағы ғылыми зерттеулері және жасушадан тыс ашытуды ашқаны үшін»).
Өмірбаян 1860 жылы 20 мамырда Мюнхенде дүниеге келген ол 1884 жылы химияны Адольф Байердің (1905 жылы химия бойынша Нобель сыйлығының лауреаты) қол астында және ботаниканы Мюнхен ботаникалық институтында профессор Негелидің қол астында оқи бастады.
Эрлангенде Герман Фишермен бірге жұмыс істегеннен кейін, ол 1888 жылы Мюнхен университетінде докторлық дәрежесін алды.
Бухнер 1900 жылы Лотте Штальға үйленді.
1907 жылы Бухнер жасушадан тыс ашытуды және зимазаны бөліп алудағы биохимиялық зерттеулері үшін химия бойынша Нобель сыйлығын алды.
Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Бухнер майор шенінде қызмет етті. Румынияда қызмет еткен кезінде ол 1917 жылы 3 тамызда жараланып, тоғыз күннен кейін 57 жасында қайтыс болды.
Дереккөздер
Сілтемелер Нобель комитетінің сайтынан алынған ақпарат 26 қазан 2012 жылы мұрағатталған.
Санат:Германия биохимиктері Санат:Химиядан Нобель сыйлығының иегерлері Санат:Вроцлав университеті оқытушылары