Йозеф Вацлав Мысльбек — Чехиянің реалистік мүсін өнері мектебінің негізін салушы.Stech, V. V. Josef Vaclav Myslbek — Прага, 1954. Artia.

Ол Праганың маңайында кедей жанұяда өсті. Вацлав Левы мүсіншісінің шәкірті болған. 1873 жылы ол өз шеберханасын ашады. 1875–1919 жылдары профессор ретінде ағартушылық іспен айналысқан. Чехия ғылымдар мен өнерлер академиясының мүшесі болған.

Өмірінің басты еңбегі — Әулие Вацлавқа арналған мүсіндік ансамбль (1913 жылы ашылды). Оны жасап шығаруға 30 жылға жуық уақытын жұмсады. Туындысы Прагадағы Вацлав алаңында орнатылды.

2003 жылы мүсіншінің құрметіне (29490) Мысльбек астероиды аталды.

Галерея

Дереккөздер

Санат:XIX ғасыр мүсіншілері Санат:XX ғасыр мүсіншілері Санат:Чехия мүсіншілері Санат:Чехия ғылымдар мен өнерлер академиясының мүшелері