Хасен Байұзақұлы Байұзақов (1906, Шоқай ауылы, Семей уезі, Семей облысы, Ресей империясы — 11 мамыр 1961, Алматы, Қазақ КСР) — кеңестік шаруашылық, мемлекет және саяси қайраткер. Семей менен Қарағанды облыстық атқару комитеттерінің төрағасы, Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы.
Ол КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымы депутаты, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымында (1938-1946) Бозащы сайлау округінен (Гурьев облысы), 2-шақырылымында (1947-1951) Жарма ауданынан (Семей облысы), 3-шақырылымында (1951-1955) Қарқаралы ауданынан (Қарағанды облысы) депутат болып сайланды.
Өмірбаяны 1906 жылы мамырда Семей облысы, Семей уезі, Шоқай ауылында (қазіргі Абай облысы, Абай ауданы) дүниеге келген.
Хасен 14 жасында жетім қалады. 1922—1924 жылдары балалар үйінде тәрбиеленеді.
1924 жылы Семей губерниясының коммуналдық бөлімінде оқыды, ал 1925 жылы Қазақ тұтынушылар одағының жанындағы курстарда оқыды.
1925—1930 жылдары Қазақ тұтынушылар одағы басқармасының мүшесі болды.
1926—1930 жылдары Қарқаралы округінің бас қаржы бақылаушысы болып жұмыс істеді. 1929 жылы Ленинградтағы КСРО қаржы халық комиссариатының орталық курсын бітірді.
1930—1932 жылдары Балқаш аудандық партия бөлімінің меңгерушісі болып еңбек етті.
1931—1932 жылдары Қазақстан Халық комиссариатының аға инспекторы қызметін атқарды.
1933—1936 жылдары Қазақстан Қаржы қызметкерлері орталық басқармасы кәсіподағы төрағасының орынбасары, төрағасы болып күн көрді.
1936—1938 жылдары Республикалық өнеркәсіп және коммуналдық банкінің басқарушысы болып еңбектенді.
1938—1939 жылдары Қазақ КСР коммуналдық шаруашылық халық комиссары лауазымында мехнат қылды.
1939—1941 жылдары Алматы қалалық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болды. 1940 жылы 5 қарашада «Қазақ КСР-інің 20 жылдығына байланысты, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, ғылым мен өнерді дамытудағы жетістіктері үшін» Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.
1941—1942 жылдары КСРО және Қазақ КСР өнеркәсіп банкінің басшысы болып жұмыс істеді.
1942—1945 жылдары Қазақ КСР орман шаруашылығы халық комиссары болып еңбек етті.
1945—1949 жылдары Семей облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
1949—1951 жылдары Қарағанды облыстық кеңесі атқару комитетінің төрағасы болып күн көрді.
1951 жылы зейнетке шықты.
1961 жылы 10 мамырда қайтыс болып, Алматы қаласының Орталық зиратына жерлендіАшимбаев Д. Р. Кто есть кто в Казахстане. Биографическая энциклопедия. Алматы, 2002.
Қазір көзі тірі қызы Гүлпан Хасенқызы былай дейді:
— Әкемізді біз сирек көретінбіз. Ол үйге, әдетте, түн ортасында келетін. Ал таңертең ерте қайтадан жұмысына кетіп қалатын. Жұмысына бар ынтасымен берілген еді. Соның салдарынан өмірден де ерте өтті деп ойлаймын. Оның үстіне өткен ғасырдағы қуғын-сүргіннің екінші толқыны аса еңбекқор әрі дарынды адамның сағын сындырды. Елуінші жылдардың басында ол Жоғарғы Кеңеске депутаттыққа кандидат болып ұсынылған болатын. Алайда әлдекімнің жалақор арызынан кейін Хасен Байұзақов ұзақ уақыт бойы қауіпсіздік органдарының бақылауында болды. Ол кезде мұндай органдармен ешкімнің байланысқысы келмейтін..
Бүгінде Алматының бау-бақшаға бөленген қалаға айналуына Хасен Байұзақовтың бастамасы мен қамқорлығының зор үлес қосқанын көпшілік біле бермейді. Ел басшылығы алдындағы есеп беру жиындарында ол атқарылған жұмыстар, отырғызылған ағаштар саны, жаңадан салынған саябақтар мен гүлзарлар туралы ерекше мақтанышпен баяндап отыратын. Сонымен қатар Алматыны абаттандыру ісіндегі оның басты еңбектерінің бірі – жаңа көшелердің салынуы, қолданыстағы көшелердің кеңейтілуі, қоғамдық көлік бағыттарының көбеюі және, әрине, жаңа ғимараттардың бой көтеруі болды. Ол бұл ғимараттардың сәулеттік келбетін де жеке өзі қарап, мақұлдайтын..
Дереккөздер
Санат:Алматы қалалық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қазақ КСР халық комиссарлары мен министрлері Санат:Семей облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:Қарағанды облыстық атқару комитетінің төрағалары Санат:КСРО Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 1-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 2-шақырылымының депутаттары Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің 3-шақырылымының депутаттары