Жеңіс Сәдуақасұлы (19 қаңтар 1946 жыл, Қызылорда облысы Қазалы ауданы Ұялы ауылы) — қазақстандық ғалым, филолог. Филология ғылымдарының докторы (1997), профессор. Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі (2006). ҚР Білім беру ісінің үздігі (1992), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006). СЫР ЕЛІ. Энциклопедия / Бас ред. Б.С. Каримова. 2-басылым. – Алматы: «Тау-Қайнар» ЖШС, 2024. ISBN 978-601-7059-54-5
Өмірбаяны 1971 жылы Қызылорда педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек жолы 1964—1967 жж. — Қазалы ауданы «Қызылқұм» сегіз жылдық мектебінде мұғалім; 1971—1979 жж. — Қызылорда қаласындағы мектептерде директордың орынбасары; 1979–1980 жж. — Қызылорда педагогикалық институтының «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушысы; 1980–1989 жж. — «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі; 1989–1990 жж. — «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы, доценті; 1990–1998 жж. — «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі; 1998–1999 жж. — «Қазақ филологиясы және түркология» кафедрасының меңгерушісі; 1999–2002 жж. — «Қазақ филологиясы және түркология» кафедрасының профессоры; 2002–2004 жж. — Қызылорда «Болашақ» университетінің проректоры; 2004–2007 жж. — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі» кафедрасының меңгерушісі; 2007–2023 жж. — Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының профессоры.
Ғылыми қызметі Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты — қазақ тілі білімінің морфология және синтаксис салалары. Жеңіс Сәдуақасұлының 100-ден астам ғылыми-зерттеу және оқу-әдістемелік еңбектері жарық көрген.
Негізгі еңбектері: «Қазақ грамматикасы» «Тауарихтағы жай сөйлемнің түрлері» «Жай сөйлемнің құрылымдық түрлері» «Қазақша іс қағаздары» «Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері»
Марапаттары ҚР Білім беру ісінің үздігі (1992) ҚР Президентінің Алғыс хатымен (2001, 2005) ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2006) «Ана тілі» медалі (2023) «Құрмет грамотасы»https://korkyt.edu.kz/article/232 Қызылорда облыстық мәслихатының «Алғыс хат» «10 жыл Астана» медалі (2008) Қызылорда облысы әкімінің стипендиясы «Қызылорда облысына 70 жыл» мерекелік медалі (2009) «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011) ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы.Алтынсарин» төсбелгісі (2016) ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасы» «Құрмет ордені» (2026)
Дереккөздер
Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Қазақстан филологтары Санат:Профессорлар Санат:Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті оқытушылары