«Ерлігі үшін» ордені () — Украина мемлекеттік марапаты. Әскери қайраткерлер, құқық қорғау органдары қызметкерлері, төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде адамдар мен материалдық құндылықтарды құтқаруда, қылмысқа қарсы күресте, сондай-ақ өмірге қауіп төндіретін жағдайларда әскери, қызметтік немесе қоғамдық борышын орындау кезінде ерлік пен батырлық көрсеткен өзге де тұлғаларға беріледі. Орден белгілерінің авторы — суретші .

Тарихы 1995 жылғы 29 сәуірде Украина президенті Леонид Кучманың № 340/95 жарлығымен Украина президентінің «Ерлігі үшін» белгісі — «Ерлігі үшін» жұлдызы және «Ерлігі үшін» крестін негіздеді. Жарлық сондай-ақ орденнің ережесі мен сипаттамасы бекітті. Сол күні Украина президентінің «Атаулы атыс қаруы» сыйлығы құрылды. 1996 жылғы 21 тамызда Украина президенті Леонид Кучманың № 340/95 жарлығымен Украина президентінің «Ерлігі үшін» белгісі — I, II және III дәрежелі «Ерлігі үшін» орденін құрды. «Ерлігі үшін» орденімен марапатталған адамдарға «Ерлігі үшін» Президент белгісі — «Ерлігі үшін» жұлдызы және «Ерлігі үшін» крестімен марапатталғандармен бірдей мәртебе берілді; одан әрі «Ерлігі үшін» Президент белгісімен марапаттау тоқтатылды. 2000 жылғы 16 наурызда Верховна Рада «Украина мемлекеттік марапаттары туралы» заңын қабылдады. Ол арқылы I, II және III дәрежелі «Ерлігі үшін» ордені құрылды.

Украина президентінің «Ерлігі үшін» белгісі — «Ерлігі үшін» жұлдызы және «Ерлігі үшін» кресті

Украина Президентінің белгісі — «Ерлігі үшін» жұлдызы мен «Ерлігі үшін» крестімен марапатталған адамдар «Ерлігі үшін» орденімен марапатталғандармен теңестіріледі және өздеріне берілген белгіні тағу құқығын сақтай отырып, «Ерлігі үшін» орденінің кавалерлері болып танылады. 1996 жылы «Ерлігі үшін» ордені құрылғаннан кейін Украина президентінің белгісі — «Ерлігі үшін» жұлдызы мен «Ерлігі үшін» крестімен марапаттау тоқтатылды.

Жарғысы

«Ерлігі үшін» ордені Украина азаматтарына, сондай-ақ шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға беріледі. «Ерлігі үшін» орденінің үш дәрежесі бар, ең жоғарысы — бірінші дәреже. Кез келген дәрежедегі «Ерлігі үшін» орденінің иегері «Ерлігі үшін» орденінің кавалері делінеді. Бірінші дәрежелі «Ерлігі үшін» орденінде орденнің белгісі — орденнің кресі мен жұлдызы болады; екінші және үшінші дәрежелерде тек орденнің белгісі болады. «Ерлігі үшін» ордені қайтыс болғаннан кейін берілуі мүмкін. «Ерлігі үшін» орденін Украина президенті ауыр қылмыс үшін сотталған жағдайда — соттың өтініші бойынша, заңмен белгіленген негізде және тәртіппен қайтарып алуы мүмкін.

Сипаттамасы I дәрежелі «Ерлігі үшін» ордені нобай|солға|220px|I дәрежелі «Ерлігі үшін» орденінің жұлдызы

«Ерлігі үшін» І дәрежелі орденінің белгісі алтын жалатылған күмістен дайындалады және лавр гүлшоғының үстіне орналастырылған теңқабырғалы айқыш пішінінде жасалады. Айқыш ақ эмальмен қапталған, жиегі алтын жалатылған металл түйіршіктермен көмкерілген. Айқыштың астынан ұштары төмен қараған айқастырылған екі қылыш бейнеленген. Белгінің ортасында Украинаның кіші Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген көк түсті эмальмен қапталған дөңгелек орналасқан.

Барлық бейнелер бедерлі етіп орындалған. Айқыштың сәулелері, дөңгелек, лавр гүлшоғы, қылыштар, Украинаның кіші Мемлекеттік Елтаңбасы, сақинасы бар құлақша алтын жалатылған.

Белгінің қарама-қарсы айқыш ұштарының арасындағы өлшемі — 54 мм.

Белгінің сыртқы беті тегіс, онда орденнің реттік нөмірі ойып жазылған.

«Ерлігі үшін» орденінің жұлдызы күмістен дайындалады және жан-жаққа таралған сәулелер шоғынан тұратын сегіз қырлы жұлдыз пішінінде жасалады. Жұлдыздың ортасына қою таңқурай түсті эмальмен қапталған дөңгелек медальон орналастырылған, оның ортасында Украинаның кіші Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген көк түсті эмальмен қапталған дөңгелек орналасқан. Медальонның жоғарғы бөлігінде, дөңгелектің үстінде, «Ерлігі үшін» () деген жазу, ал төменгі бөлігінде екі жағынан лавр бұтақтары бейнеленген. Медальонның сәулелері мен жиектері қосарланған түрде орындалған.

Барлық бейнелер мен жазулар бедерлі етіп жасалған және алтын жалатылған. Жұлдыздың қарама-қарсы сәуле ұштарының арасындағы өлшемі — 63 мм.

Жұлдыздың сыртқы беті тегіс, онда реттік нөмірі ойып жазылған және жұлдызды киімге бекітуге арналған ілгегі бар.

II дәрежелі «Ерлігі үшін» ордені «Ерлігі үшін» II дәрежелі орденінің белгісі күмістен дайындалады және ұштары сүйірленген кең айқыш пішінінде жасалады. Белгінің ортасында ақ эмальмен қапталған теңқабырғалы айқыш орналасқан, оның астынан ұштары төмен қараған айқастырылған екі қылыш таралады. Айқыштың үстіне қою таңқурай түсті эмальмен қапталған дөңгелек медальон орналастырылған, оның ортасында Украинаның кіші Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген көк түсті эмальмен қапталған дөңгелек бар. Медальонның жоғарғы бөлігінде, дөңгелектің үстінде, «Ерлігі үшін» деген жазу, ал төменгі бөлігінде екі жағынан лавр бұтақтары бейнеленген. Айқыштың, медальонның және дөңгелектің жиектері, жазу, Украинаның кіші Мемлекеттік Елтаңбасы, лавр бұтақтары мен қылыштар алтын жалатылған. Барлық бейнелер бедерлі етіп орындалған.

Белгінің қарама-қарсы айқыш ұштарының арасындағы өлшемі — 41 мм.

Белгінің сыртқы беті тегіс, онда орденнің реттік нөмірі ойып жазылған.

Белгі тікбұрышты тағаншаға жалғанады.

III дәрежелі «Ерлігі үшін» ордені «Ерлігі үшін» III дәрежелі орденінің белгісі «Ерлігі үшін» II дәрежелі орденінің белгісімен бірдей, бірақ нейзильберден дайындалады.

Тағы қараңыз «Ерлігі үшін» орденінің кавалерлері «Ерлігі үшін» президент белгілері

Сыртқы сілтемелер Указ президента України «Про заснування відзнак Президента України „За мужність“» Закон України «Про державні нагороди України» Указ президента України «Про встановлення відзнаки Президента України — ордена „За мужність“» Указ президента України № 1329/99 від 14 жовтня 1999 року «Про нагородження відзнаками Президента України ветеранів Великої Вітчизняної війни 1941—1945 років» Государственная награда Украины — орден «За мужество» Орден «За мужність»

Санат:1996 жылы құрылған марапаттар Санат:«Ерлігі үшін» ордені