Йеркс обсерваториясы — АҚШ-тағы Чикаго университеті қарамағында істейтін обсерватория.

Оның негізін 1892 жылы америкалық астроном Джордж Эллери Хейл және қаржыгер Чарлз Тайсон Йеркс қалаған. Келесі жылы Чикагода өткен Дүниежүзілік көрмеде әлемдегі ең дәу телескоп-рефрактор таныстырылды. Кейін ол обсерваторияға берілді.

40 дюймдік, яғни 102 сантиметрлік осы телескоп қазірге шейін ең ірі рефрактор болып саналады. Ол ғимараттың басты мұнарасында тұр. Екі кіші мұнарада рефлекторлар орналасады. Оқыту мақсатында қолданылатын кішірек телескоптар да бар.

Обсерваторияның қазіргі зерттеу бағыттарына жұлдызаралық тозаӊ, шар тәрізді үйіржұлдыздар, Жерге жақын нысандар және жалпы инфрақызыл астрономия кіреді. нобай|солға|180px|Ашылған жылғы фотодағы рефрактордың көрінісі Осы мекеменің құрметіне 1922 жылы ашылған (990) Йеркс астероиды аталды.

Тағы қараңыз Обсерваториялар тізімі Дереккөздер

Санат:АҚШ астрономиялық обсерваториялары Санат:Чикаго университеті