«Сталинградты қорғағаны үшін» медалі () — КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1942 жылғы 22 желтоқсандағы Жарлығымен тағайындалды. Медаль суретінің авторы — суретші Н. И. Москалев.

Тарихы «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен Сталинградты қорғауға қатысушылардың барлығы — Қызыл Әскердің, Әскери-теңіз флотының және ІІХК әскерлерінің әскери қызметкерлері, сондай-ақ қорғауға тікелей қатысқан азаматтық тұрғындар марапатталды. Сталинградты қорғау кезеңі 1942 жылдың 12 шілде — 19 қараша аралығы болып саналады.

«Ленинградты қорғағаны үшін», «Одессаны қорғағаны үшін», «Ақиарды қорғағаны үшін» және «Сталинградты қорғағаны үшін» медалдері бесбұрышты тағанда тағу үшін тағайындалған алғашқы кеңестік марапаттар болды. Бастапқыда, оларды кеуденің оң жағына тағу белгіленді. 1943 жылғы 19 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «КСРО ордендері мен медалдерінің үлгілері мен таспаларының сипаттамаларын және ордендер, медалдер, ордендік таспалар мен ерекшелік белгілерін тағу қағидаларын бекіту туралы» Жарлығымен бұған дейін басқа пішіндегі тағандарда тағылған басқа да марапаттар үшін бесбұрышты таған енгізілді, ал қалаларды қорғағаны үшін медалдерді басқа марапаттармен бір қатарда кеуденің сол жағына тағу белгіленді. «Сталинградты қорғағаны үшін» медалі кеуденің сол жағына тағылып, КСРО-ның басқа медалдері болған жағдайда «Ақиарды қорғағаны үшін» медалінен кейін орналасады .

«Сталинградты қорғағаны үшін» медалі № 00001 куәлігімен Жоғарғы Бас қолбасшы И. В. Сталинге, ал А №00001 куәлігі бар медаль 64-армияның қолбасшысы генерал-лейтенант М. С. Шумиловқа табысталдыМедаль За оборону Сталинграда. 1943 жылы 1 маусымда алғашқылардың қатарында Сталинградтың партиялық және кеңестік қызметкерлері марапатталды: № 00014 — Сталинград қалалық атқару комитетінің төрағасы Д. М. Пигалев, № 00022 — Сталинград облыстық атқару комитетінің төрағасы И. Ф. Зименков, № 00026 — БК(б)П облыстық комитетінің хатшысы И. И. Бондарь.

1995 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен шамамен 759 560 адам марапатталған.

Сипаттамасы thumb|right|200px|Қызыл Әскер сарбазы Н. К. Дряхловтың (1908 — 1968) «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталғаны туралы куәлік «Сталинградты қорғағаны үшін» медалін тағайындау кезінде оны тот баспайтын болаттан жасау көзделген болатын, алайда, 1943 жылғы 27 наурыздағы қаулымен оның материалы жезге өзгертілдіПостановление Президиума Верховного Совета СССР от 27 марта 1943 г. „О медалях «За оборону Ленинграда», «За оборону Одессы», «За оборону Севастополя» и «За оборону Сталинграда»“. Медаль диаметрі 32 мм болатын дұрыс шеңбер пішініне ие.

Медалдің алдыңғы жағында мылтықтарын иықтарына асынған жауынгерлер тобы бейнеленген. Жауынгерлер тобының үстінде, медалдің оң жағында ту желбіреп тұр, ал сол жағында танктердің және бірінің артынан бірі ұшып келе жатқан ұшақтардың сұлбалары көрінеді. Медалдің жоғарғы бөлігінде, жауынгерлер тобының үстінде, бесбұрышты жұлдызша және медалдің жиегін бойлай «СТАЛИНГРАДТЫ ҚОРҒАҒАНЫ ҮШІН» () деген жазу жазылған. Медалдің алдыңғы жағы ернеумен жиектелген.

Медалдің артқы жағында «БІЗДІҢ КЕҢЕСТІК ОТАНЫМЫЗ ҮШІН» () деген жазу бар. Жазудың үстінде орақ пен балғаның бейнесі суреттелген.

Медалдегі барлық жазулар мен бейнелер шығыңқы етіп жасалған.

Медал құлақша мен шығыршық арқылы ені 24 мм жібек қатқыл таспасымен тысталған бесбұрышты тағанға жалғанады. Бастапқыда, таспа ені 8 мм бойлық қызыл жолағы бар сұр түсті болды. 1943 жылғы 19 маусымдағы Жарлықпен жаңа таспа белгіленді — ортасында ені 2 мм бойлық қызыл жолағы бар зәйтүн түсті таспа болды.

Суреттеме

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:КСРО медалдары