нобай|393x393 нүкте|Байғалиев Төлеуғазы Баяндинұлы Байғалиев Төлеуғазы Баяндинұлы(1963 жылы туған) — қазақстандық мүсінші, суретші, Қазақстанның мәдениет қайраткері (2009). Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (2005).Каталог. Семей қаласының суретшілері XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6
Каталог. Художники города Семей. XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6
Өмірбаяны 1963 жылы Семей облысы, Шар қаласында туған.
1985 жылы Н. К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітірген.
Еңбек жолын педагогикалық институттың Бейнелеу өнері және сызу кафедрасында бастаған (1985).
1998 жылдан бастап М. Төлебаев атындағы музыкалық колледжінде көркемсурет бөлімінің меңгерушісі болып жұмыс істеді.
2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (ҚР БҒМ) аттестациялық комиссиясының мүшесі.
2005 жылы Қазақстан Суретшілер одағына мүшелікке қабылданды.
2005 жылдан бастап Астана қаласында тұрып, еңбек етеді.
Шығармашылығы мен көрмелері 1988 жылдан бастап қалалық, облыстық және республикалық көрмелердің тұрақты қатысушысы.
Маңызды симпозиумдары мен көрмелері:
«Балдаурен» республикалық симпозиум-пленэрі (Бурабай, 2008); «Этноколор 2010» бірінші халықаралық симпозиумы (Бақшасарай, Қырым, 2010); «Бейнелеу өнеріндегі жаңа толқын» халықаралық көрме-конкурсы (Нью-Йорк, АҚШ, 2011) — «Реализм» номинациясы бойынша алтын медаль иегері; «Артэкспо Нью-Йорк-2011» халықаралық конкурсы.
Белгілі мүсіндік туындылары:
Астана қаласындағы «Қазақстан халықтарының достығы» ескерткішінің авторы; «Астана-Дарыны» төс белгісі мен кубогының авторы.
Марапаттары мен атақтары
Қазақстанның мәдениет қайраткері (2009); «Жыл патриоты» конкурсының Лауреаты («ҚР өнері» номинациясы бойынша); «Бейнелеу өнеріндегі жаңа толқын» халықаралық конкурсының алтын медалі (Нью-Йорк, АҚШ, 2011).
Суретші туындылары
Дереккөздер
Каталог. Семей қаласының суретшілері XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6 Каталог. Художники города Семей. XIX – XXI. ISBN: 978-601-7844-48-6