Бегім Серіков (1939–2019) — ОҚО Мақтаарал ауданында дүниеге келген ауыл шаруашылығы, партком қайраткері. 1956-1961 жылдары Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылығы институтының «ауылшаруашылық өндірісін механикаландыру» факультетінде білім алды. Регион Академ сайтындағы мәлімет
Еңбек жолы Еңбек жолын 1961 жылдың тамызында Киров ауданындағы Мақталы ауылшаруашылығын механикаландыру училищесінде оқытушы болып бастаған, бастауыш комсомол ұйымының жетекшісі болып сайланған.
1963 жылы Киров аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1964-1965 жылдары «Прогресс» совхозының, аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас инженері қызметінде жұмыс атқарды.Бегім Серіковтың анкетасы
1966 жылы «Октябрьдің 30 жылдығы» совхозында партком хатшысы, ал 1967 жылдың басынан Мырзашөл парткомының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі лауазымында болды.
1970-1973 жылдары Мырзашөлде жаңа құрылған С.Сегізбаев атындағы совхоздың директоры болып тағайындалған.
1974-1978 жылдары Жыззақ облысы атқару комитетінің төрағасының орынбасары, 1978-1986 жылдары Мырзашөл парткомының бірінші хатшысы болып сайланған.
1987-1991 жылдары С.Сегізбаев атындағы совхоздың директоры.
1991-1994 жылдары қайтадан Мырзашөл аупарткомының бірінші хатшысы, аудан әкімі болып қызмет істеген.
1994-1999 жылдары С.Сегізбаев кооператив бірлестігінің төрағасы және басқа шаруашылық қызметтерде болды.
1983-1985 жылдары Өзбекстан Компартиясының тексеру ко-миссиясының мүшесі, 1991-1994 жылдары Өзбекстан Республи-касы Жоғарғы кеңесінің депутаты, 1978-2002 Жызақ облыстық Кенесінің депутаты болып сайланды.
2004 жылдан екінші шақырылым Мақтаарал ауданы мәслихатының депутаты болып сайланды.Мырзашөлдегі кездесулер
Марапаттары Өзінің еңбек жолында бірнеше жоғарғы Үкімет марапаттарын алған: «Ленин», «Еңбек Қызыл Ту», «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Мустакиллик», «Тың игеруге 50 жыл», «Мырзашөлдің қуаң даласын игергені үшін», ХШЖК (ВДНХ) 2 күміс медальдармен және Білім және ғылым министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы, «Құрметті қызметкер» төс белгілерімен және Өзбекстан Республикасы Президенті Жарлығымен «Дустлик» орденімен марапатталған.Old Tashenov Edu
Ғылыми еңбегі [Б.Серікұлы] өндірісті басқарумен қатар ғылыми-зерттеу жұмысымен шұғылданып, 1978 жылы экономика ғылымдарының кандидаты, 2010 жылы Астана қаласында экономика ғылымдарының докторы диссертацияларын қорғап, дипломдарын алды.
2002 жылдан бастап «Сырдария» университетінің проректоры және «Экономика» кафедрасының меңгерушісі қызметінде жұмыс атқарды. Отандық ғылымға өзінің елеулі үлесін қосып келді, әсіресе Мырзашөл тарихымен, мақта саласының тиімділігін арттыру проблемасымен ұдайы шұғылдануы соның айғағы.
2013 жылы ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің ЖОО-ның «Үздік оқытушысы», Халықаралық Ф.Тейлор атындағы «Алтын медаль» иегері атанды.
Университетте мақта кешенінің экономикасы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасады, 4 монографияның, 6 кітап және 50-ден астам ғылыми еңбектердің авторы. «Өзбекстан Республикасының еңбек сіңірген экономисті» және «Мақтарал ауданының құрметті азаматы» атақтары берілген.Абай порталындағы мәліметтер
Дереккөздер