Америка дыбыс жазу индустриясының қауымдастығы (, RIAA) — АҚШ-тың дыбыс жазу индустриясының мүддесін қорғайтын салалық ұйым. Оның мүешелері қатарына АҚШ аумағында заңды түрде сатылатын барлық жазылған музыканың шамамен 85 пайызын «жасайтын, шығаратын және/немесе тарататын» ірі дыбыс жазу лейблы мен дистрибьюторлар кіреді. RIAA штаб-пәтері Вашингтон қаласында орналасқан."Privacy Policy ." Recording Industry Association of America. Retrieved on September 13, 2011. "RIAA, 1025 F Street NW, 10th Floor, Washington, D.C. 20004.""RIAA ." Recording Industry Association of America. Retrieved on September 13, 2011. "We are located at 1025 F ST N.W., 10th Floor, Washington, D.C. 20004."

RIAA 1952 жылы құрылған. Оның бастапқы миссиясы дыбыс жазу авторлық құқығы мен бұған қатысты мәселелерді реттеу, кәсіподақтармен бірлесіп жұмыс істеу, сондай-ақ дыбыс жазу индустриясы мен мемлекеттік ережелерге қатысты зерттеулер жүргізу болды.

RIAA өз қазіргі миссиясына зияткерлік меншік құқықтары мен әртістердің Бірінші түзетумен қорғалатын құқықтарын қорғауды, музыка индустриясы туралы зерттеулер жүргізуді, сондай-ақ мүдделерді қорғау мақсатында тиісті заңдар, ережелер мен саясаттарға мониторинг жасап, оларды талдауды кіргізеді.

2001–2020 жылдар аралығында RIAA Америка Құрама Штаттарындағы лоббистік қызметке жыл сайын 2,4 миллион мен 6,5 миллион доллар аралығында қаржы жұмсады. Ұйым 2025 жылы, атап айтқанда жасанды интеллекттің қарқын алуына байланысты өздерінің лоббистік жұмыстарын едәуір күшейтті.

Сондай-ақ RIAA дыбыс жазу туындыларын ұжымдық басқару ісіне қатысады және Америка Құрама Штаттарында алтын және платина альбомдар мен синглдерді сертификаттауға жауапты. Бұл жүйе жаһандық музыка индустриясында өз түрі бойынша алғашқылардың бірі болып, бүкіл әлемдегі музыкалық жазбаларды сертификаттаудың басты стандартын қалыптастырды.

Сатылымды сертификаттау

RIAA көп көлемде сатылатын альбомдарға арналған марапаттау бағдарламасын басқарады. Бұл марапат 1958 жылы іске қосылды; бастапқыда алтын сингл алу үшін бір миллион дана сатылуы қажет болса, алтын альбом көтерме бағамен (каталогтық бағаның шамамен үштен бірі) 1 миллион долларлық сатылымды білдірді. 1975 жылы алтын альбомдар үшін қосымша талап ретінде 500 000 дананың сатылуы енгізілді. Дыбыс жазу сатылымының өсімін көрсете отырып, 1976 жылы бір миллион дана сата алатын альбомдар үшін платина марапаты қосылды, ал синглдер екі миллион дана сатылған жағдайда бұл атаққа ие болды. Мультиплатина марапаты 1984 жылы енгізіліп, альбомдар мен синглдердің бірнеше платина деңгейіне жеткенін білдірді. 1989 жылы синглдердің сатылымы төмендеуіне байланысты олардың шекті көрсеткіштері алтын үшін 500 000-ға, ал платина үшін 1 000 000-ға дейін төмендетілді. 1992 жылы RIAA көп дискілі жиынтықтардағы әрбір дискіні сертификаттау кезінде жеке бірлік ретінде есептей бастады. Музыка сатылымының әрі қарайғы өсімін ескере отырып, 1999 жылы он миллион дана сатылған альбомдар немесе синглдер үшін гауһар (Diamond) марапаты тағайындалды. Критерийлердегі осындай өзгерістерге байланысты нақты марапатқа сәйкес келетін сатылым деңгейі оның қай уақытта берілгеніне тікелей байланысты болады.

«Цифрлық» синглдерді сертификаттау 2004 жылы RIAA «цифрлық» жазбалар деп аталатын санат үшін, яғни негізінен «желі арқылы алушыға жеткізілетін жазбаларды» (мысалы, iTunes Store арқылы сатылатындар) білдіретін сертификаттау тармағын қосты. Бұл ретте CD, DAT немесе MiniDisc сияқты басқа да анық цифрлық тасымалдағыштар бұл санатқа кірмеді. 2006 жылы осы сертификаттау бағытына «цифрлық рингтондар» да енгізілді. 2013 жылдан бастап Spotify, Napster, YouTube және соған ұқсас аудио мен видео стриминг қызметтеріндегі тыңдалымдар да сертификаттау кезінде есепке алына бастады. Бұл ретте 100 тыңдалым 1 жүктеуге теңестірілетін формула қолданылды; осылайша, синглдерге берілетін RIAA сертификаты бұдан былай нақты сатылым көлемін ғана көрсетпейді. 2016 жылғы жағдай бойынша бұл жазбаларды сертификаттау критерийлері төмендегідей болды:

Цифрлық марапаттар: Алтын: 500 000 бірлік Платина: 1 000 000 бірлік Мультиплатина: 2 000 000 бірлік (одан әр қарай әрбір 1 000 000 сайын артады) Гауһар: 10 000 000 бірлік

Бірліктер келесідей анықталады: Тұрақты цифрлық жүктеу 1 бірлік болып есептеледі Сұраныс бойынша тыңдалатын 150 аудио немесе видео стриминг 1 бірлікке теңестіріледі

Альбомдарды сертификаттау 2016 жылдың ақпанында RIAA альбом деңгейіндегі марапаттарды сертификаттау критерийлерін жаңартып, стриминг пен трек сатылымдарын альбомға баламалы бірлік (album-equivalent unit) формуласы арқылы біріктірді. Алтын: 500 000 бірлік Платина: 1 000 000 бірлік Мультиплатина: 2 000 000 бірлік (одан әр қарай әрбір 1 000 000 сайын артады) Гауһар: 10 000 000 бірлік

Сертификаттау мақсатында әрбір бірлік төмендегілердің бірі бола алады: Цифрлық альбомның немесе физикалық альбомның сатылымы Альбомнан 10 тректің жүктелуі Альбомнан сұраныс бойынша тыңдалған немесе қаралым жасалған 1 500 аудио немесе видео стриминг

Ұзын форматындағы бейнежазбаларды сертификаттау Альбомдар, цифрлық альбомдар мен синглдермен қатар, музыкалық шығарылымдардың «ұзын форматындағы бейнежазба» (video longform) деп аталатын бөлек санаттары да бар. Бұл шығарылым форматына DVD және VHS форматындағы бейнежазбалар кіреді. Сонымен қатар, кейбір концерттік және жинақ альбомдар да осы санатқа есептеледі. Сертификаттау критерийлері басқа стильдерден өзгешелеу келеді. Retrieved on May 14, 2008 Алтын: 50 000 дана Платина: 100 000 дана Мультиплатина: 200 000 дана

Дереккөздер

Санат:1952 жылы құрылған компаниялар Санат:АҚШ ұйымдары Санат:Музыкалық индустрия қауымдастықтары