«Бұрыс шалбар» () — Aardman Animations британиялық студиясының Уоллес пен Громит туралы екінші қысқаметражды мультфильмі.
1994 жылы Үздік анимациялық қысқаметражды фильм үшін Оскар сыйлығын жеңіп алды.
Мультфильмде өнертапқыш Уоллес өзінің аса ақылды иті Громиттің туған күніне орай механикалық шалбар ойлап шығарады. Алайда иесінің қатысуынсыз далаға ойнатып шығаруға арналған бұл құрылғы Громитке ұнамай қалды. Арада Уоллес қарыздарынан құтылу үшін үйінің бөлмесін пингвин Физерс Макгроға жалға береді. Пингвин қатты музыкамен Громитті сыртта түнеуге мәжбүрлейді. Біраз уақыттан кейін Громит пингвиннің іздестіріліп жатқан қылмыскер екенін біліп шығады. Бірақ Физерс механикалық шалбарды қалай басқару керек екенін үйренді.
Уоллесті Питер Саллис дыбыстады. Громит және Физерс — сөйлемейтін кейіпкерлер.
Сиквел 2024 жылдың желтоқсанында пингвин Физерстің қатысуымен «Уоллес пен Громит: Ең жабайы кек» атты толықметражды мультфильм шыққан болатын. Бұл франшизадағы екінші толықметражды туынды болды. нобай|солға|Шалбар киген Громит Дереккөздер
Сілтемелер Rotten Tomatoes сайтында
Санат:1993 жылғы мультфильмдер Санат:Ник Парк мультфильмдері Санат:Ұлыбритания мультфильмдері Санат:Ермексаз мультфильмдер Санат:Aardman Animations мультфильмдері