Жолай Ырысымбетұлы (шамамен 1701 жыл – 1770 жыл) — жасауыл, батыр, Кіші жүздің саяси қайраткері, Ресей империясының бодандық саясатына қарсы бағыт ұстанған би.
Өмірбаяны Жолай Ырысымбетұлы шамамен 1701 жылы қазіргі Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында дүниеге келген.
Қайраткерлік жолының бастауы Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың маңында өтті. Жоңғар шапқыншылығы және батыстағы қалмақтарға қарсы шайқастарда ерлігімен көзге түсіп, Әбілқайыр ханның ерекше тапсырмаларын орындайтын сенімді өкілі — жасауылы болды.
1730 жылы Ресейге бодан болу саясатына қарсылық білдіріп, Шөмекей-Бозғұл руының көшбасшыларымен бірге атамекенінен Сырдария өзенінің төменгі ағысына — Батыр сұлтанға қарасты жерлерге қоныс аударды.
1748 жылдың қазан айында Шөмекей-Бозғұл, Шекті-Кішкене, Төртқара, Қарасақал руларының басшыларымен бірге Батыр сұлтанды хан көтеру рәсімін белсенді ұйымдастырушылардың бірі болды. Дербес саясат жүргізген Батыр ханның сыртқы жауларға қарсы жорықтары мен ұрыс-қақтығыстарына қатысқан.
1770 жылы қазіргі Қызылорда облысының Арал ауданына қарасты Қарақұмдағы Үңгірсор маңайында қайтыс болған.
Ұрпақтары Жолайдың батырлық әрі көшбасшылық мектебі кейінгі ұрпақтарына ұласқан: Ұлдары: Кетебай би (1735 ж.т.), Еншібай батыр (1763 ж.т.), Мырзабай батыр (1765 ж.т.). Билер: Таңат (әрі палуан), Өтетілеу, Пірәлі, Аман, Алмас, Әбдірейім (Сарбас), Дабыл, Данияр. Батырлар: Арғынбай, Сопақ, Қожеке, Түбекбай, Досым, Ысқақ. Діни қайраткерлер мен ағартушылар:''' Ақмырза ишан, Молдашер ахун (әрі палуан), Алдамқұл сопы (әрі батыр), Достан сопы, Нұралы палуан, Амандық керуенбасы.
Дереккөздер
Қасымбаев Ж. Государственные деятели казахских ханств (ХVІІІ в.) – Алматы: Білім, 1999. – 58-б. Ниетбаева К.А. Историко-лингвистический анализ казахских фамилий // Диссертация на соискание ученой степени кандидата филологических наук. – Казань, 1993. – 204 с. Жолай Ырысымбетұлы // Қазақстан тарихы. Энциклопедия. – Алматы: «Литера–М» ЖШС, 2019. – Т.2. – 862 б. (67-68 бб.). Жолай Жасауыл // СЫР ЕЛІ. Энциклопедия. – Алматы: «Тау–Қайнар» ЖШС, 2024. – 300-301 бб. XVIII ғ. - ХХ ғ. басындағы Қазақ батырлары: ғылыми мақалалар мен энциклопедиялық материалдар / Құраст.: Р.Оразов, Н.Жетпісбай, Ғ.Шотанова, т.б. – Алматы: Рамис, 2025. – 133-136, 333 бб. Қазақ ру-тайпаларының тарихы. Қаракесек бірлестігі. Т.13 (2-кітап). – Алматы: Алаш, 2010. – 546 б. Мұқтар Ә., Ахметова Ұ., Атығаев Н., Ахмет А., Жұмабаев А. Қазақ хандығы құрылымындағы билер, батырлар, қожалар, жасауылдар, аталықтар және тархандар институттары (монография). – Алматы: Арыс, 2020. – 120-б. Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. – Алма-Ата: АН КазССР, 1961. – С.433. Толыбеков С. Общественно-экономический строй казахов в ХVІІ-ХІХ веках. – Алма-Ата, 1959. – С. 212. Омаров Қ.Ә. Тарихтан алған тағылым // Қазақ тарихы. – 2009. – №2. – 74-77 бб. Омаров Қ.Ә. Бізге беймәлім бейнелер // «Егемен Қазақстан». – 2010. – №394-397. – 29 қыркүйек. Омаров Қ.Ә. Ұлық Жолай // «Қазақ әдебиеті». – 2011. – №1-2. Омаров Қ. Жолай жасауыл – батырлар институтының көрнекті өкілі // «Қазақ елдігін сақтап қалудағы батырлардың рөлі» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция жинағы («Абылай хан резиденциясы» музей кешені, 2025 жылғы 11 сәуір). – Солтүстік Қазақстан облысы, 2025. – 36-40 бб.
Санат:1701 жылы туғандар Санат:1770 жылы қайтыс болғандар Санат:Қазақ батырлары Санат:Кіші жүз тұлғалары Санат:Ақтөбе облысында туғандар