Мансұр би (1427 жылы өлім жазасына кесілген) — Ноғай Ордасының биі (1419 жылдан бастап), Алтын Орданың беклербегі. Әйгілі Едіге би мен Қойыршақ ханның қызы Сүйдінім ханымның үлкен ұлы.Почекаев Р. Ю. Цари ордынские. Биографии ханов и правителей Золотой Орды. — СПб.: Евразия, 2010. — 408 с.

Өмірбаяны Мансұр би әкесі Едігенің өсиетіне сәйкес, Алтын Ордадағы билік үшін күресте Шибан әулетінен шыққан Сібір ханы Қажы-Мұхаммедті қолдады. Ол ноғайлардың көмегімен Шығыс Дешті Қыпшақта билікті басып алып, өзін Алтын Орданың ханы деп жариялағанымен, іс жүзінде Еділ бойы үшін күресуге талпыныс жасамады. Бұл уақытта Алтын Орданың батыс бөлігінде билік үшін белсенді күрес жүріп жатқан еді. Бұл текетіресте Көк Ордада үлкен қолдауға ие болған Ұрыс ханның немересі, Қойыршықтың ұлы Барақ басымдық таныта бастады. Мансұр би ноғай әскерінің күшімен оған шиеленісті күресте барынша қолдау көрсетті. Нәтижесінде, Барақтың басты бәсекелесі Ұлық Мұхаммед Литваға, Витовттың қарамағына қашуға мәжбүр болды.Сабитов Ж. М. Генеалогия Джучидов в 13-18 веках // Генеалогия Торе. — Алма-Ата, 2008. — 326 с. — ISBN 9965-9416-2-9.

Осылайша, Мансұр би Барақ ханның тұсында мемлекеттің бас беглербегі лауазымына ие болды. Алайда, Барақ батыстағы билік үшін күресте көптеген қарсыластарға тап болды. Еділ бойынан ығыстырылған Барақ өзінің бұрынғы жебеушісі Ұлықбектің есебінен шығыстағы позициясын нығайтты. Дәл осы тұста Барақ ханның бойында беглербег Мансұрдың адалдығына қатысты күдік ұялап, соның салдарынан 1427 жылы Мансұр би өлім жазасына кесілді.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар:Алтын Орда