нобай|180px| нобай|180px| Көмештелген картоп — картопты ашық отқа салып немесе пешке, грильге қойып дайындау әдісі.
Ол үшін картопты жуады және кептіреді, бірақ қабығын аршымайды. Пештің ішінде 200°C температурада ол бір-екі сағаттың ішінде дайын болады. Ал микротолқынды пеште дайындау 6-12 минутқа созылады, алайда қабығы қытырлақ болып шықпайды. Пешке салар алдында картопты шанышқымен немесе пышақпен бірнеше жерінен тескен дұрыс болады, бұл будың кесірінен картоптың жарылуын болдырмайды. Будың картоп бүтіндігіне әсері әсіресе микротолқынды пеште жиі байқалады. Ашық отқа пісіргенде, әр картопты фольгаға орап, отқа салуға болады, сонда қабығы бүлінбейді.
Дайын картоптың іші борпылдақ және жұмсақ, ал қабығы тығыз және қытырлақ болады. Тағамның ішіне сары майды, ірімшікті немесе басқа салмаларды салуға болады.
Картоп Оңтүстік Америкада пайда болғандықтан, көмештелген картопты алғашқы болып дайындаған инктер болды.
Дереккөздер
Тағы қараңыз Кумпир — салмалары бар балкан тағамы
Санат:Картоп тағамдары Санат:Гарнирлер