Жәнібек Кәрімов (1937 жылы туған, Ақмола облысы Есіл ауданы) – ауыл шаруашылық ғылымының докторы (1989), профессор (1990).

Биографиясы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университеті) бітірген. Ақмола облысы Есіл ауданы мемлекеттік жоспарлау бөлімінің аға экономисі (1960–61), қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінде аспирант, ассистент, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі (1963–98) қызметтерін атқарады. Кәрімовтің 82-ден астам ғылыми-зерттеу еңбегі, 3 монографиясы жарық көрген.Қазақ Энциклопедиясы, ҚР ғылымы

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар