Қазан төңкерісіне дейінгі Индер өлкесінің шаруашылығы — Индер өлкесінің 1895-1915 жылдар арасындағы шаруашылығын қамтиды.

Өлкеде түрліше шаруашылықтар құрылып, жаңа бастамашылықпен істер жүргізілді, олар өңірдің табиғи байлықтарына байланысты ұйымдастырылды. 1913 ж. Горск, Гребенщик, Зеленый (Көктоғай), Кулагин, Орлов (Өрлік), Топайлы, Харькин кенттерінде 9 ұстахана болды Бірақ, ол жұмыстардың бәрі бірдей жақсы нәтижелі болмады.

Мұнай іздеу ісі Атырау өңірінде XIX ғасырдың соңынан бастап, әсіресе, 1899 жылы Жылойдың Қарашүңгілінде бүкіл қазақ жеріндегі тұңғыш мұнай кен орны ашылғаннан кейін осындай байлықтың жаңа көздерін іздеу жұмыстарының көбейгендігі белгілі. 1916 жылғы 1 қаңтардағы есеп бойынша мұнай іздеу-барлау жұмысын жүргізуге өтініш білдірілген жер алаңдарының саны 43.238-ді құраса, оның ішінде Есбол болысы да болды. 1911 жылы Доссор кен орны ашылғаннан кейін казачество аумағында да іздеулер жүргізілетін аймақтар белгіленді, солардың бірі Кулагин станицасы болды.«Статистический обзор Уральской области». Уральск, 1915 г. Бірақ, Индер жеріндегі мұнай іздеу жұмыстары ойдағыдай нәтиже берген жоқ, мұнай көздері табылмады.

Байланыс ісі Байланыстың маңыздылығын ескере отырып жергілікті өкімет орындары пошта мен телеграф байланысын жолға қою шараларын алды. Кулагинде 1913 жылы пошта-телеграф бөлімшесі жұмыс жасады. 1916 ж. Гребенщик кентінде - 20 қарашадан бастап, Топайлы кентінде - 22 қарашадан бастап телеграф бөлімшелерінің жаңадан ашылғандығы айтылған.«Статистический обзор Уральской области» Уральск, 1917 г.

Мал шаруашылығы мен мал емдеу ісі (ветеринария) Индерліктер де мал шаруашылығымен айналысты. Мұндағы жергілікті қазақтар да, орыс казактар да төрт түлік малдың көпшілігін бақты. Маусым бойы қызу жұмыстар өрбіді. 1896 ж. Гурьев уезіндегі 18 шөп қоймасында (Гурьев, Сімбірті және Есбол болыстарындағы) 79.800 пұт шөп сақталынған. Казактарда 14117 маяда 1.101.200 пұт шөп, қазақтарда 37.816 маяда 3731600 пұт шөп болды.

Қазақ халқы ежелден-ақ малды емдеумен жете айналысып келген. Бірақ, XIX ғасырда патша шенеуніктері қазақы емшіліктің бәрін «жабайы» деп, еуропалық ветеринария жүйесін ресми түрде күштеп енгізді, амбулатория (емдеуші бекет) кұрды. 90-шы жылдардың соңында мұндай құрылым Атырау өңірінде де енгізіле бастады. Дәлірек айтқанда, олар «Уездік ветеринарлық дәрігер», «Жайық бойының қазақ даласындағы бекеттік ветеринар» деп аталды, оларға қазіргі Индер ауданы аумағында болып отырған елді мекендер де кірді. Бірақ - ресми еуропалық мал емдеу қызметі қазақтың халықтық мал емдеу ісін тоқтата алған жоқ, барша қазақтар сияқты, малдарын қазақша да емдей берді.

Уездік ветеринарлық дәрігерлерді екіге бөлді: 1) Орал (Жайық) казак әскерлерінің аумағы шегіндегісі; 2) Жайықтың арғы жағындағы қазақтар аумағы шегіндегісі. Казак әскерлерінің аумағында бұл лауазымды 1895-1897 жж. И.С.Петров, К.Н.Колпаков, 1901 ж. - А.Соболев атқарды. Ол тұста оған Кулагин, Өрлік станицалары, Кулагин базары мен кентке қарсы жатқан жерлер бағынса, 1902 жылдан бастап Индер жері әлгі екі станцисаны екі бөлек ветеринарлық дәрігерге қаратты. 1915 жылғы 1 қаңтарда кеңсесі Гурьев қаласында болған кеңселік кеңесші П.К.Бизянов ветеринарлық дәрігер болды, оған басқалармен бірге Өрлік кентіндегі жәрмеңке, Өрлік станицасы аумағындағы өнеркәсіптік мал бағынды.

Ал, 1895 жылдан жергілікті қазақтар аумағындағы Индердің қазақы болыстары да бағынған уездеріне орай түрліше дәрігерлерге қарап келді, 1904 жылы Калмыков кентіндегі И.И.Липпоман — Мәтеш, Қызылжар болыстарына, К.Н.Колпаков — Индер болысына қызмет көрсетті. Телімдік әскери ветеринар-дәрігер міндеті 1911 жылы енгізілді, шенсіз шенеунік М.К.Иванаев үш жыл басқарған Гурьев теліміне уездің бес станицасы ішінде Кулагин мен Өрлік те кірді.

Балық аулау ісі Орыс казактары балық аулау ісін басты табыс санағандықтан XX ғ. басынан бастап өңірлерде балықтан салық ұстайтын заставаларды (рыбопошлинные заставы) құрды. Соның біреуі Елек каласында болған, оған бағынатын станицалар катарында Индердегі Кулагин, Орлов (Өрлік) станицалары, кенттерден Кулагин станицасына бағынатын — Харкькинск, Орлов станицасына бағынатын — Зеленый (Көктоғай) кенттерінде де осындай заставалар кұрылды. Оларға аталмыш станицалар мен кенттердің атамандары басшылык жасады. Қазақ шаруаларының Жайық, Қамысты Самар көлдерінде балық аулауына тыйым салынды.«Қазақ ССР тарихы».3-том, 246-б.

Тарих ғылымдарының докторы Е.Бекмахановтың жазуынша «Қазақ даласын отарлау жергілікті шекара үкіметі мен казак әскерлерінің шектен тыс қиянат жасауы жағдайында жүргізілген. Жергілікті үкімет көбінесе орталық органдардың нұсқауларын әрі бұзып, әрі бұрмалап отырды. Азия Департаментінің нұсқауы бойыны қазақтарға шекаралық ауданға таяу жерлерде (сырт жағынан) көшіп-қонуға және Орал өзенінен балық аулауға рұқсат етілген еді. Солай бола тұрса да Оралдың аскери кеңесі бұл жерді түгелдей өзімдікі деп есептеп, оған қазақтарды жібермеді.

Тұз өндіру ісі Гурьев уезінің балық өндірушілері казак станицалары мен кенттеріндегі өз кәсіпшіліктері үшін Индер көлінің тұзын пайдаланған. Жыл сайын Гурьев қаласына 100.000 пұт, Гурьев уезіне 100.000 пұт жөнелтіліп келіпті.«Статистический обзор Уральской области». Уральск, 1905 г.

Орман шаруашылығы Патша үкіметі жергілікті жасыл шаруашылықты дамытуға тырысты. 1911 ж. Орал әскеріне қарасты орманның аумағы 58.885 бірлік 1200 шаршы саженьді құрады. Оның ішінде Гурьев уезі бойынша Кулагин станицасына - 1059 бірлік, Орлов (Өрлік) станицасына - 1805 бірлік тиесілі болды. Аталмыш жылы Казак әскерилері орман шаруашылығын жақсарту, яғни орман ағаштарын ретпен шабудың нормасын енгізуге тырысты. Соған сәйкес шаруашылықтарды дамытудың 15-20 жылдық жоспарын жасақтамақшы болды: Орлов (Өрлік) станицасы - 20 жылға, Зеленый (Көктоғай) - 20 жылға, Топайлы - 20 жылға, Кулагин - 20 жылға, Гребенщик - 15 жылға, Горск - 15 жылға, Харькинск - 15 жылға. Алайда, бұл іс аяқталмай қалды: орманшылар астық шықпай қалған ресейлік аудандардың халықтарына көмектесудің қоғамдық жұмыстарына тартылды, сонымен бірге орманды өркендету жөніндегі жинақталған материалдарды өңдеудің жұмыстары тоқтатылды.

Сауда ісі Айырбас саудамен айналысқан бұл елде де саудаға ерекше көңіл бөлді. Тарихи дерекке сүйенсек: «Өзен шебі бойында, Глининск форпостының маңында, Жайық шебі бойында - Кулагин қамалынан Гурьевке дейін, Каспий теңізі жағалауы бойында және Эльтон өзені маңында көлемді сауда операциялары жүргізілді. Қазақ қоныстарының ішінде де сауда пункттері қалыптасты…»«Қазақ ССР тарихы. Бес томдық Үшінші том Алматы, 140-6. 1913 ж. Индердің Горск, Гребенщик, Зеленый (Көктоғай), Кулагин, Орлов(Өрлік), Топайлы, Харькин атты қазақ кенттерінде 30 сауда нүктесі болған.«Статистический обзор Уральской области». Уральск, 1915

1899 ж. Ілбішін уезінің Индер болысындағы №11 ауылындағы базар сенбі күні жұмыс жасады. Сондай-ақ, орыс казактары үшін Орлов (Өрлік) кентінде жылдың 20 шілдесі мен 1 тамызы аралығында жәрмеңке ұйымдастырылып тұрды, мал және мал өнімдерін сатуға рұқсат берілген, мұның осы кестесін Жайық казак әскері басшылығы бекіткен екен, жәрмеңкенің жұмысын Гурьевте тұратын Бизянов басқарды. Ал, Зеленый (Көктоғай) кентінде 1910-13 жж. күзгі балық аулау маусымы кезінде жыл сайын 2 күн бойы базар өткізілді.(«Статистический обзир Уральской области». Уральск, 1915 г., с.108

1924 жылғы Атырау облыстық мемлекеттік мұрағатынан табылған деректе «Индер аудандық болысының орталығы болуға лайық деп ұйғарылып отырылған Базар Шолан деген жер» деп көрсетіліпті, мұнда «соғысқа дейін (1914 жылғы бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) жыл сайын жәрмеңке өткізіліпті», сол кезде аптасына бір рет базар ұйымдастырылған екен.

Дереккөздер

Санат:Индер ауданы Санат:Атырау облысы тарихы