«The Pretender» () — америкалық Foo Fighters рок тобының Echoes, Silence, Patience & Grace атты алтыншы студиялық альбомындағы әні. Ол альбомның алғашқы синглі ретінде 2007 жылдың 21 тамызында жарық көрді және топтың ең танымал әндерінің біріне айналды. Ән Billboard Hot 100 чартында 37-орынға тұрақтап, топтың үздік 40-тыққа енген үшінші синглі болды.
Сипаттамасы «The Pretender» әні хард-рок және пост-гранж стилінде жазылған. «Foo Fighters» тобының көшбасшысы Дэйв Грол бұл туындыны «аздап Чак Берридің элементтері қосылған, екпінді әрі жылдам Foo Fighters әні» деп сипаттаған.Cohen, Jonathan. «Foo Fighters Let It Rip On Sixth Album». Billboard.com. July 6, 2007. 2007 жылы XFM радиосына берген сұхбатында әннің мағынасы туралы айта келе, Грол оның мәтіні сол уақыттағы саяси тұрақсыздықпен байланысты екенін тұспалдап жеткізді.«Foo Fighters On 'Echoes, Silence, Patience & Grace'» . xfm.co.uk. 2007.
«The Pretender» 2007 жылы Rolling Stone журналының ең үздік әндер тізіміне 47-нөмірмен енгізілді.No byline (December 11, 2007). «The 100 Best Songs of 2007» Rolling Stone. Retrieved 2007-12-21. 2008 жылы ән хард-рок стиліндегі ең үздік орындау үшін «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды, сонымен қатар жылдың ең үздік рок әні және үздік жазбасы номинацияларына ие болды. Ән 2007 жылдың қорытындысы бойынша MTV Asia чартында 94-орынға тұрақтады.MTV Asia. «Top 100 Hits List» . Retrieved 2007-12-27.
Әнге бейнеклип түсірілді, ол 2023 жылға қарай YouTube-те 541 миллионнан астам қаралым жинады. 2008 жылы бұл клип MTV Video Music Award сыйлығына ең үздік рок-видео ретінде ұсынылды, бірақ Linkin Park тобының «Shadow of the Day» клипінен ұтылып қалды.
«The Pretender» 2007 жылы радиоларда ең көп айналымға ие болған альтернативті рок әні болды. Ол 18 апта бойы Alternative Songs чартында бірінші орынды иеленіп тұрды. Бұл рекордты бес жылдан кейін ғана Muse тобы өзінің «Madness» әнімен бұза алды.
Чарттардағы позициялары
Чарттар
Чарты (2007)Ең жоғарыпозицияPortugal (Associacao Fonografica Portuguesa)5
Сертификаттау
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер
Әннің мәтіні LyricsOnDemand.com
Санат:2007 жылғы синглдер Санат:2007 жылғы әндер Санат:Foo Fighters әндері Санат:Billboard Alternative Airplay чартында бірінші орынға шыққан әндер Санат:Billboard Mainstream Rock Airplay чартында бірінші орынға шыққан әндер Санат:Хард-рок стиліндегі ең үздік орындау үшін «Грэмми» сыйлығы