Ривкин Соломон Ильич (7 қаңтар 1906 жыл, Беларусь КСР-і, Рогачев ауданы, Городец ауылы – өмір сүрген жылдары белгісіз) – кеңестік педагог, білім саласының ұйымдастырушысы. Қызылорда педагогикалық институтының (қазіргі Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті) директоры (1938).
Өмірбаяны
1924–1927 жылдары «Свобода» ұжымшарында жұмысшы болған. 1929 жылы Минск педагогикалық техникумын бітірген. 1929–1932 жылдары Вешен-Ковычинск жетіжылдық мектебінің меңгерушісі қызметін атқарған. 1936 жылы Мәскеу мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтаған. 1936–1937 жылдары Қиыр Шығыс корей педагогикалық институтында тарих кафедрасының меңгерушісі, тарих факультетінің деканы болып жұмыс істеген. 1937 жылы Қиыр Шығыс корей педагогикалық институты Қызылорда қаласына көшірілген кезде, жаңадан құрылған Қызылорда педагогикалық институтына оқытушы болып орналасқан (15 қазан 1937 жыл). 1938 жылы 29 шілдеде Қызылорда педагогикалық институтының директоры болып тағайындалған.https://korkyt.edu.kz/page/13
Кейінгі өмір жолы мен қайтыс болған жылы туралы деректер белгісіз.Ривкин Соломон Ильич // «Сыр елі» энциклопедиясы. – Алматы: «Тау–Қайнар» ЖШС, 2024. – 537-б.
Дереккөздер
Санат:1906 жылы туғандар