Командор аралдары — Тынық мұхитындағы Беринг теңізінің оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан төрт аралдан тұратын архипелаг. Геология және геотектоника саласындағы ғылыми зерттеулерде олар Беринг теңізін оңтүстіктен шектеп тұрған Командор-Алеут жотасының (аралдық доғаның) бөлігі ретінде қарастырыладыГеографическое положение и границы Берингова моря.

Әкімшілік жағынан олар Ресейдің Камчатка өлкесіндегі Алеут ауданының құрамына кіреді. Олар 1741 жылы аралдарды ашқан теңізші — командор Витус Берингтің құрметіне аталған. Теңізшінің бейіті аралдардың ішіндегі ең үлкені — Беринг аралында орналасқан.

2005 жылы аралдар ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұрасының алдын ала тізіміне енгізілдіThe Commander Islands (Comandorsky State Nature Reserve). Аралдарда жалпы саны 300 000-нан асатын 40 түрге жататын жануарлар (оның ішінде теңіз мысықтары, ларга итбалықтары, сивучтар және каландар — Ресейдің басқа ешбір жерінде кездеспейтін теңіз сүтқоректілерінің алуан түрлілігі) және 50 000 құс, соның ішінде ақ сұңқар, сапсан және беринг шағаласы мекендейді. Аралдардағы ең сирек кездесетін жануарлар — ақ түлкі мен Стейнегер итбалығыТуризм 12 апреля 2020, 00:06 Депрессивный регион: так ли всё грустно на Командорских островах.

Тарихы

нобай|Витус Беринг зиратыКомандор аралдарына барған алғашқы еуропалықтар деп, Екінші Камчатка экспедициясының мүшелері болып саналатын, дат текті ресейлік теңізші, капитан-командор Витус Беринг басқарған топ. Оның «Әулие Петр» кемесі 1741 жылы дауыл кезінде белгісіз аралдың жағалауына лақтырылып тасталды. Экипаж сол жерде қалып, қыстап шығуға мәжбүр болды. Беринг оған төтеп бере алмады және өзінің құрметіне аталған аралда — Беринг аралында — мәңгілікке қалдыМасленников Б. Г. Морская карта рассказывает / Под ред. Н. И. Смирнова. — 2-е изд., перераб. и доп. — М.: Воениздат, 1986. — 386 с. — 35 000 экз.. Экспедиция мүшелері 1742 жылдың тамыз айында Камчаткаға оралды.

Құрамы

Архипелаг құрамына мына аралдар кіреді:

Ірі аралдар: Беринг, Мыс.

Кіші аралдар мен жартастар:Топорков, Арий Камень, Камень Алеут, т.б.

Климаты

Климаты — мұхиттық; жазы салқын, қысы жұмсақ. Орташа температура тамыз айында +10°C, ал ақпан айында −4°C құрайды. Ең төменгі температура көрсеткіштері ақпан айында тіркеледі.

Флорасы Мұнда әртүрлі шөпті шалғындар мен таулы тундра өсімдіктері басым; ашық жерлердегі қатты желдердің әсерінен биік ағашты ормандар кездеспейді. Желден қорғалған аңғарларда — әсіресе Беринг аралында — өзен жайылмаларында биіктігі 3,5 метрге дейін жететін тал тоғайлары жиі кездеседі (мысалы, Половина өзенінің аңғарында). Мұнда (мұртша жапырақты шетен), бұталы тас қайыңдары, итмұрын, арша, (сопақ жапырақты көкжидек), (алтын түсті рододендрон) және басқа да өсімдіктер қатысатын өсімдік қауымдастықтары кездеседі. Биік шөпті өсімдіктер қатарына (тәтті балдырған), (құрақшөп), (Камчатка таволғасы), (уқорғасын) және тағы басқа түрлер кіреді.

Фаунасы Құрлықтағы фауна айтарлықтай жұтаң және сүтқоректілердің бар-жоғы алты түрінен тұрады; олардың арасындағы жалғыз жергілікті түр — аралдарда екі түршесі (Беринг және Медный түршелері) кездесетін көк түлкі. Басқа сүтқоректілер — сырттан әкелінген түрлер: сұр егеуқұйрық, үй тышқаны, орман тышқаны, америкалық күзен және солтүстік бұғысы. Солтүстік бұғысын жерсіндіру әрекеттері 1882 жылдан бері бірнеше рет жасалған, ал қазіргі популяция саны 1200–1500 дараны құрайды.

Аралдарда теңіз сүтқоректілерінің фаунасы ерекше бай ұсынылған; айналадағы суларда Стеллер теңіз арыстандары, теңіз мысықтары, калан (теңіз құндызы), Стейнегер итбалығы және киттектестердің көптеген түрлері, соның ішінде кашалоттар, косаткалар, Кювье тұмсықты киттері, дельфиндер, теңіз шошқалары, кіші жолақты киттер, сейвалдар, финвалдар, өркешті киттер, солтүстік тынық мұхиттық оңтүстік киттері және басқалары мекендейді. Мұнда ескекаяқтылардың жаппай шоғырланатын орындары мен теңіз құстарының колониялары өте көп. Сондай-ақ, Командор аралдары – қазіргі таңда жойылып кеткен Стеллер теңіз сиыры мен Стеллер суқұзғынының бірден-бір мекендеу орны болған.

Дереккөздер Санат:теңіз сүтқоректілеріСанат:аралдарСанат:теңіздер