Қармақ қайығы (кусовая лодка) — Каспий теңізіне тән, балық аулауға және кейде жүк тасымалдауға кеңінен пайдаланылған желкенді кемелердің тарихи атауы. Бойлық желкендері бар, палубалы теңіз кемесі болған, революцияға дейінгі кезеңде ол жүк тасымалдау немесе қызыл балық аулау үшін пайдаланылған.

Атауы «Кус» - жем» деген сөзден шыққан, ол «Каспийде қортпаны және басқа да балықтарды аулаған кезде қармаққа шанышатын жем» екен, ал, осы «қармақ жеміне алданып түскен балықты «қармаққа түскен балық» («кусовая рыба»), «қортпаны тірілей шаншып аулайтын қармақты «кусовая снасть» деп, осыдан келіп қайықтың атауы шыққан.

Сипаттама Астрахан тұрғындары ұзақ уақыт бойы негізінен балық аулаумен айналысқандықтан, осындай кемелерді құрастыруда үлкен шеберлікке қол жеткізді. Олар ойлап тапқан әртүрлі кеме түрлерінің арасында «кусовые лодки» (немесе «қармақ қайығы») деп аталатын жеңіл, палубалы теңіз кемелері ерекше орын алады. Бұл кемелер әдетте бекіре балығын (белуганы) аулау үшін қолданылады, аулау кезінде сол балықтың кесектері немесе тұтас ұсақ балықтар жем ретінде ілінген көптеген үлкен ілмектері бар құралдар пайдаланылады. Олардың ұзындығы 36-дан 56 футқа дейін жетеді. Бос кезінде олар тұрақсыз болып көрінуі мүмкін, алайда тиісті деңгейде жүк тиелгенде — суға 3-тен 4,5 футқа дейін батқан кезде — олар тұрақтылық пен жоғары басқарылу қасиетіне ие болады. Олар рульге жақсы бағынады, толқындарды оңай еңсереді және кез келген жағдайда жақсы жылдамдықты сақтайды. Оларды Каспий теңізіндегі ең жылдам кемелер деп санауға әбден болады.

Дереккөздер

Санат:Желкенді кемелер түрі Санат:Балық аулау кемелері