Қарауыл тарихи-өлкетану музейі — Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің Абай ауданы Қарауыл ауылындағы филиалы.

Тарихы 1960 жылдары Абай ауданында музей қызметінің маңыздылығы мәселесі көтеріліп, аудандық Мәдениет үйінде өлкетану бұрышы ашу жұмысы қолға алынады. Онда «Аңыздар өлкесі» және «Шежірелі Шыңғыстау» тақырыптарында кішігірім бөлімдер болған. Жұмыс жемісті жалғасын тауып, сол кездегі аудан басшылары – аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы К. Нұрбаев, аудандық атқару комитетінің төрағасы Р. Ғабдуллин тиісті қаражаттың көзін тауып, музейге арнайы алты бөлмелі ғимарат салынады. Музейге штат бөлініп, оны Семейдегі тарихи-өлкетану музейінің бөлімшесі деп те атаған. Алайда, кейіннен түрлі себептерге байланысты бұл жұмыс аяқсыз қалып, музей жабылып қалған.

2000 жылдардың басында Абай ауданында өлкетану жұмысы қайта түлеп, игі істің нәтижесінде 2012 жылдың қараша айында өлкетану музейі Семейдегі облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы ретінде қайта ашылды.

1992 жылы салынған музей ғимараты алғашқыда дүкен болған, онда кейіннен Абай аудандық ардагерлер кеңесінің орталығы орналасты. Алайда, осы қолайсыздықтарға қарамастан, музей өз қызметін үзбей атқарып келді.

Абай ауданының әкімі Т. Мүсәпірбековтың 21.07.2011 жылғы №31 қаулысы бойынша Абай ауданының есебіндегі Қарауыл ауылы, Молдағалиев көшесі №8 үйде орналасқан, жалпы аумағы 320 ш.м. құрайтын ғимарат Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебіне берілген.

Экспозицияда «Археология», «Шыңғыстау табиғаты», «Этнография», «Абай, Шәкәрім, Мұхтар», «Алаш қозғалысының тарихы», «Абай ауданы Ұлы Отан соғысы жылдарында», «Абай ауданының өнері мен спорты», «Елеулі есімдер» тақырыптар қамтылған. Құнды жәдігерлердің қатарындағы Шәкәрім қажының белбеуі, көне кебеже, 1922 жылы жасалған асадал, 1950 жылғы патефон, т.б. жұрт назарына қойылған.

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы)