Қарабау обалары — Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылынан 8 км солтүстікте орналасқан. Қарабау обалары тобы 5 обадан тұрады, жазық алқапта орналасқан.Қарабау обасындағы жүргізілген археологиялық зерттеу жұмысының 2007 жыл есебі. - Атырау, 2007 ж. (Қасенов М.С.). Құмшағылдар арасындағы сазды-құмайты алаңқайда тізбектеліп жатыр, Олар сазды топырақтан үйілген, үстін шөп басқан. Олардың сырты ормен қоршалған.Атырау облысы Қызылқоға ауданы жеріндегі Қарабау аулындағы Қарабау 3 обасын жүргізілген археологиялық қазба жұмысының ғылыми есебі. - Атырау, 2018 ж.

Сипаттамасы Қарабау - 1 обасы. GPS координаты: N 48°32, 146; ЕО 52°55, 152. Оның пішіні дөңгелек келген, көлемі: диаметрі 62 м биіктігі 2 м. Айналдыра ені 7 м тереңдігі 1 м болатын ормен қоршалған. Қорған топырақтан үйілген. Оңтүстік жағында ор қазылмаған 3 метрлік қақпа жол бар. Қарабау - 2 обасы. GPS координаты N 48°31, 895; EO 52° 55.627. Обаның көлемі: диаметрі 70 метр, биіктігі 4 метр. Сыртындағы орнының ені 6 метр, тереңдігі 1 м. Ортасында терең ойыс шұнқыр бар, диаметрі 15 метр, тереңдігі 1 метр. Қарабау - 3 обасы. GPS координаты N48°32.272; EO 52° 56.271. Обаның көлемі: диаметрі 45 метр, 1,5 метр. Сыртындағы орнының ені 6 метр, тереңдігі 0,5 м. Батыс жағында ор қазылмаған ені 6 метрлік қақпа жол бар. Қарабау - 4 обасы. GPS координаты N48°32.262; EO 52° 56.211. Обаның көлемі: диаметрі 21 метр, биіктігі - 0,5 метр. Қарабау - 5 обасы. GPS координаты N48°32.262; EO 52° 56.211. Обаның көлемі: диаметрі 23 метр, биіктігі - 0,3 метр.

Қазба жұмыстары Қарабау - 3 обасындағы қазба жұмысы. Оның қабатының жабындысы анықталды. Қазба кезінде оның қабатынан ағаш пен қамыстың жабынды қабаты анықталды.Атырау облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы. Қызылға және Индер аудандары. - Атырау-Алматы, «Полиграфкомбинат» ЖШС - баспасы, 2012 - 210 б. - 63-б. Беткі қабатын өсімдіктер жамылғысы басқан. Топырақ жамылғысы негізінен бозғылт құмдақты, сары топырақтан тұрады. Шығыстан батысқа қарай оба ортасына ені 4 метр кесінді қазба салынды. Ол жер қабатына дейін 1,5 метр қалыңдықта қазылды.

1,30 метрден соң, қалыңдығы 10 см болатын қоңыр түсті ағаш шірінді қабаты жапқан. Одан төмен 10 см-ден соң қамыс пен шөп жабынды шірінді топырақ қабаты жапқан. Бұл қабір бетін жапқан жабынды болған. Оба ортасынан 3 қабір орны анықталды. Оларға қазба жұмысы жүргізіліп, толық тазартылды.

Қабір - 1. Оба ортасында диаметрі 4 метр болатын қабір байқалды. 2 метр тереңдіктен соң шашылған адам және мал сүйектері ұшырасады. Қабірдің сыртқы қабырғасы мен көлемін дәл анықтау мүмкін емес, өйткені сусымалы құмайт топырақ опырылып құлаумен, қабір шекарасын жойған. 300 қола жебе ұштары бір жерде шоғырланып жатыр. Олардың кейбіреулерінің ұңғымаларында ағаш сабтарының қалдықтары сақталған. Оның маңында қола айна және тасбақаның «сауыт» сүйегі алынды. Қабір ортасынан қар түсті құмыра табылды. Ол қатты қирап сынған. Қабір ішінен адам мен мал сүйектерінің қалдықтары ретсіз шашылып жатыр. Сонымен бірге нашар сақталған темір найза ұшы, темір қалдықтары шықты. Күлдің де қалдықтары ұшырасады. Қабір тонауға ұшыраған, оңтүстік батыс тұсынан жер деңгейінен қойдың жауырын сүйегі шықты. Бұл құрбандыққа шалынған мал сүйегі болса керек.

Қабір - 2. 1-қабір шығысынан 2 метр қашықта жатыр. Оның бетін ағаш және қамыспен жапқан. 2 метр тереңдіктен 2 адам қаңқасы шықты. Бастары солтүстіке қараған. Ер мен әйел сүйектері жақсы сақталған. Қабір табанынан 7 жерден, тіреу бағананың еденде «ойықтары» сақталған. Диаметрлері 10-15 см. Жабынды қалындығы 25 см. Ер адам: Шалқасынан жатыр, қолдары шынтағынан бүгіліп, екі жаныныа созылып қойылған, аяқтары тізелерінен сәл бүгіліп талтайып қойылған. Бойы 1,75 м, аяғының ұшынан диаметрі 1-1,5 см болатын 3 моншақ табылды. Әйел адам: Бойы 1,60 м. Шалқасынан жатыр. Қолдары екі жанына қойылған, аяқтары тізелерінен сәл бүгіліп талтайып қойылған. Оң құлағы тұсынан алтын салпыншақ, сол иығы тұсынан 3 алтын жұқа дөңгелек қаңылтыр табылды, диаметрлері 2 мм. Аяғының басынан диаметрі 3-4 мм болатын әр түсті түрлі 100-ге жуық майда моншақтар табылды. Табаны тұсынан көлемі: 10х12 см, қалыңдығы 2,5 см әктас табылды.

Қабір - 3. 2-қабірдің шығысында жатқан 3-қабір тазаланып, кескіні анықталып, адам қаңқалары шықты. Анатомиялық сақталуы нашар. Қабір тоналып қаңқалар шашылған.

Табылған заттардың сипаттамасы 1-қабір заттары: Қыш көзе. Биіктігі 36 см, ернеуінің диаметрі 18 см, түбінің диаметрі 15 см, бүйірінің диаметрі 30 см. Бүйірлі болып, ернеуі сәл сыртқа қайырылған. Мойын тұсына тұтқа орналасқан, жуандығы 2 см, ұзындығы 11 см. Сырты жылтыр, сапалы жасалған. Сазына құм қосылып жасалған, қара түсті. Қола айна. Диаметрі: 15 см қалыңдығы 0,3 см болды. Тұтқа ұзындығы 8 см, ені 2-2,5 см. Артқы бетіне сызықты 4 шеңбер салынған. Нашар сақталған. Темір шар. Көлемі: 3,5х2,5 см. Бір бүйірі кесілген. Қола жапсырма. Диаметрі: 3 см қалыңдығы 0,6 см. Сүйек жапсырма. Ұзындығы 4 см, ені 1см. Бетінде шеңберлі оюлары бар. Қола жебелер. 300 дана. Үш қырлы болып жасалған. Ағаш саптарының қалдықтары нашар сақталып, түптері ғана қалған. Темірден жасалған заттар. Үзеңгі сынығы, тоға, темір кездік, т.б. темір заттар қалдықтары жиналды. Нашар сақталған. Найза ұшы. Ұзындығы 25 см, диаметрі 3 см, қалыңдығы 1 см. Нашар сақталған.

2-қабір заттары: Алтын салпыншақ. Ұзындығы 4 см, түтік түрінде жасалған 4 -1 см басы жапырақ түрінде өрнектелген. Өңделген тас. Көлемі: 3х2 см, қалыңдығы 1,5 см. Жартылай сынған. Ақшыл сары түсті. Беті мен қыры тегістеліп, жылтыратылған, сәнделген. Моншақ ақық (сердолик). Қызғылт түсті. Ұзындығы 2,5 см. Диаметрі 3 см. Моншақтар. 1) Паста. Қара түсті. Диаметрі 1,5-1,2 см. 2) Паста. Көлемі: 1,1-1,2 см. Қара түсті. Бетіне өрнек салынған. 3) Паста. Көлемі: 2 см. Қара түсті. Бетіне ақ шеңбер өрнектер салынған. 4) Паста. Ұзындығы 2 см, диаметрі 0,8 см. Қара түсті. 5) Диаметрі 1 см. Ақ түсті. Жартысы сынған. Майда моншақтар. 100 дана. Диаметрі 1-4 мм. Әр түрлі пішінде. Ақ, сары, көк, жасыл, қара, түсті. Тастан, минаралдан, т.б. затардан жасалған. Әктас. Көлемі: 10х12 см, қалыңдығы 2,5 см. Ақ хрустал. Өңделген. Көлемі: 1х2 см. Қоңырау. Қола, көлемі: биіктігі 1,5 см, диаметрі 2,5 см. Ұршық бас. Диаметрі 4 см, қалыңдығы 0,6 см. Қара түсті қыш.

Дереккөздер

Санат:Атырау облысы сәулеті Санат:Қазақстандағы қорымдар Санат:Атырау облысы тарихы Санат:Қазақстандағы археология Санат:Қазақстан обалары Санат:Атырау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері