«Пайғамбар. Александр Пушкиннің тарихы» — орыс ақыны Александр Пушкиннің өмірбаянын баяндайтын режиссёр Феликс Умаровтың ғұмырнамалық музыкалық драмалық фильмі. Фильмде ақынды Юра Борисов сомдады.
Фильмнің премьерасы 2025 жылдың 14 ақпанында өтті.
Фильмнің саундтрегін The Hatters тобы жазған.
Рөлдерде
Юра Борисов — Александр Пушкин Кай Гетц — Пушкин-лицеист Алёна Долголенко — Наталья Гончарова Роман Васильев — Константин Данзас Влад Фельдман — Данзас-лицеист Илья Виногорский — Иван Пущин Егор Мокренко — Пущин-лицеист Аня Чиповская — графиня Елизавета Воронцова Илья Любимов — Василий Жуковский Евгений Шварц — император Николай I Флориан Десбьендра — Жорж Шарль Дантес Сергей Гилёв — Александр Бенкендорф Олег Рязанцев — Никита Евгений Коряковский — граф Михаил Воронцов Светлана Ходченкова — княгиня Авдотья Голицына Полина Кутепова — гадалка Кирхгоф Вера Колесникова — Екатерина Гончарова, сестра Натальи Гончаровой Агриппина Стеклова — Наталья Гончарова, мать Натальи Гончаровой Дмитрий Поднозов — Гавриил Державин Мария Давитая — императрица Александра Фёдоровна Андрей Ургант — Александр Смирдин Иван Злобин — Михаил Лермонтов Никита Крахмалёв — Кондратий Рылеев Константин Тресков — Пётр Каховский
Өндіріс Түсірілім 2023 жылдың тамыз айының соңында Павловскіде басталды. Қыркүйектің 2-сінен 5-іне дейін «Мосфильм» студиясының бірінші алаңында бірнеше түсірілім ауысымдары өтті. Желтоқсан айының соңында Кино қоры бұл жобаға қолдау білдірді. Түсірілім жұмыстары Санкт-Петербургтегі Юсупов, Мәрмәр және Строганов сарайларында, Пушкин мұражай-пәтерінде және ақынның өмірімен байланысты басқа да орындарда өтті; 2024 жылдың ақпан айында олар аяқталды. Жасаушылардың айтуынша, кейбір локацияларға кинематографисттер алғаш рет кіруге рұқсат алған.
Марапаттар мен сыйлықтар
2025 — XXXI Халықаралық «Әдебиет және кино» кинофестивалі: Үздік актер сыйлығы (Евгений Шварц) Үздік операторлық жұмыс үшін Андрей Москвин сыйлығы (Михаил Хасая) «Ұрпақтарды біріктіретін ең үздік түпнұсқа ән үшін» арнайы қазылар алқасының дипломы (The Hatters тобы)
Дереккөздер
Санат:2025 жылғы фильмдер