Заманауи ритм-н-блюз (, немесе ар-н-би () — 1970 жылдары афроамерикалық музыканттардың арасында пайда болған танымал музыка жанры. Бұл жанр ритм-н-блюз стилін поп, диско, фанк, соул, джаз, блюз, электрондық музыка және хип-хоп элементтерімен ұштастырады. 2010 жылдардан бері танымал бола бастаған диско мен электронды текстуралар және дыбыс жазу стильдерінің қосылуы электро-R&B деп аталатын стильді дүниеге әкелді.
Бұл жанрға өзіндік дыбыс жазу стилі мен жұмсақ, бай вокалдық үйлесім тән. Электрондық әсерлер мен хип-хоптан немесе би музыкасынан шабыттанған ырғақтар жиі кездеседі, алайда хип-хопқа тән дөрекілік бұл жерде едәуір жұмсартылады. Заманауи R&B орындаушылары көбінесе мелизманы қолданады (мысалы Майкл Джексон, Крейг Дэвид, Стиви Уандер, Уитни Хьюстон, Эми Уайнхаус, Мэрайя Кэри. Rolling Stone. November 12, 2008.), ал 1980 жылдардың ортасынан бастап R&B ырғақтары хип-хоп пен соул мәдениеті және музыкасының элементтерімен біріктірілді.
Дереккөздер
Санат:Заманауи ритм-н-блюз Санат:Ритм-н-блюз жанрлары