нобай|300x300 нүкте|Александр Фёдорович Осипов Александр Федорович Осипов (туғ. 1959, Лазо станциясы, Приморье өлкесі) — қазақстандық кескіндемеші, график, мүсінші, дизайнер, нысандар авторы. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі (1991)Қазақстанның бейнелеу өнері – Каталог / Невзоров отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайы ISBN: 978-601-210-035-8.
Өмірбаяны Ресейдің Приморье өлкесінің Лазо станциясында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (1976–1980), Т.К. Жүргенов атындағы Алматы театр-көркемсурет институтының өнеркәсіптік графика бөлімін (1981–1986) бітірген.
Республикалық көркемсурет колледжінде кескіндеме мен композициядан сабақ берді, Алматы (1985–2005). «Мост» Ассоциациясының мүшесі (1995 жылдан).
Шығармашылығы Аймақтық, бүкілодақтық, республикалық және халықаралық көркемсурет көрмелерінің қатысушысы. Олардың қатарында: XI «Жігер» жас суретшілердің республикалық көрмесі (Алматы, 1982); БЛКЖО-ның 70 жылдығына арналған Казахстан жас суретшілері туындыларының XV республикалық көрмесі (Алматы, 1988); Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейіндегі «Галереялар шеруі» көрмесі (Алматы, 1994); «Азия Арт» (Ташкент, Өзбекстан, 1994); «Sary-Arka» (Вашингтон, АҚШ, 1994); Санкт-Петербург өнер апталығы (Санкт-Петербург, 2010, классикалық кескіндеме санатында бірінші орын); Қазақстандық өнер апталығы (Алматы, 2010, бірінші орын).
Суретші туындылары
Дереккөздер
Санат:Қазақстан суретшілері Санат:1959 жылы туғандар Санат:Алматы тұлғалары