Сэр Кэрол Рид (; 30 желтоқсан 1906 — 25 сәуір 1976) — британдық кинорежиссёр және продюсер. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңдегі ең көрнекті британиялық киногерлердің бірі болып саналады.

1940 жылдардың соңында түсірген «Жалғыз қалған адам» (1947), «Құлаған пұт» (1948) және «Үшінші адам» (1949) атты нуар жанрындағы триллерлері арқылы үлкен танымалдыққа ие болды. «Жалғыз қалған адам» фильмі BAFTA сыйлығының «Үздік британдық фильм» номинациясы бойынша тұңғыш иегері атанды. Ал «Құлаған пұт» бұл жүлдені екінші болып жеңіп алды. Британия кинематография институты «Үшінші адам» туындысын XX ғасырдағы ең ұлы британдық фильм деп таныды.

Ридтің кейінгі шығармашылығы әртүрлі жанрларды қамтыды: олардың қатарында Қырғи қабақ соғысы сатирасы «Гаванадағы біздің адам» (1959), Микеланджело туралы биопик «Азап пен қуаныш» (1965) және «Оливер!» (1968) музыкалық фильмі бар. Соңғы аталған фильмі үшін Рид «Оскар» сыйлығымен марапатталды (бұған дейін ол «Құлаған пұт» және «Үшінші адам» фильмдері үшін екі мәрте номинация алған болатын).

Дереккөздер

Санат:Үздік режиссёр үшін Оскар сыйлығының иегерлері Санат:Миокард инфарктінен қайтыс болғандар Санат:Екінші дүниежүзілік соғыстың қатысушылары